"Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi № 49-ө өкiмiне өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 27 шілдедегі № 134-ө Өкiмi

      «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi № 49-ө өкiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

34.

Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ТЖМ

2012 жылғы желтоқсан

                                                                   ».

      Премьер-Министр                                     К. Мәсiмов