Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 26 мамырдағы N 105-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес келтiрсiн.

      3. Аумағында арнайы экономикалық аймақтар орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жергiлiктi атқарушы органдары белгiленген тәртiппен арнайы экономикалық аймақтар туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес келтiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметiне      енгiзсiн.

      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің       
2003 жылғы 26 мамырдағы    
N 105 өкіммен         
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Кеден кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

__________________________________________________________________
Р/с    Нормативтік құқықтық       Орындалу          Жауапты
N      кесімнің атауы             мерзімі         орындаушы
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары
__________________________________________________________________
1.  Қазақстан Республикасы       2003 жылғы        КБА, ҚарМ
    Үкiметiнiң мынадай кейбiр      маусым
    шешiмдерiне өзгерiстер мен
    толықтырулар енгiзу туралы:
     "Қазақстан Республикасы
    кеден органдарының айырым
    белгiсi мен айырым жалауының
    сипаттамасын және оны қолдану.
    дың тәртiбiн бекiту туралы"
    Қазақстан Республикасы
    Үкiметiнiң 1997 жылғы
    6 маусымдағы N 932  қаулысы ;
     "Тауарларды уақытша әкелу
    және уақытша әкету кеден
    режимi қолданылатын лизинг
    заттарының тiзбесiн бекiту
    туралы" Қазақстан Республикасы
    Үкiметiнiң 2001 жылғы 21
    тамыздағы N 1092  қаулысы ;
     "Жеке тұлғалардың тауарлар.
    ды Қазақстан Республикасының
    кеден шекарасы арқылы оңай.
    латылған, жеңiлдетiлген тәр.
    тiппен өткiзу ережесiн бекiту
    туралы" Қазақстан Республикасы
    Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамыр.
    дағы N 741  қаулысы ;
     "Лауазымды адамдардың
    Қазақстан Республикасының
    кеден органдарында қызмет
    өткеруi туралы ереженi бекiту
    туралы" Қазақстан Республикасы
    Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыз.
    дағы N 1238  қаулысының күшi
    жойылды деп танылсын.
__________________________________________________________________
2.  Осы операциялар орын алған     2003 жылғы    КБА, ҚарМ, ЭМРМ,
    ел шыққан елi болып саналуы     маусым       ИСМ
    үшiн орындалатын өндiрiстiк
    немесе технологиялық опера.
    цияларды жеткiлiктi қайта
    өңдеудiң өлшемдерiн бекiту
    туралы

3.  Кеден баждары мен салықтарды    2003 жылғы   КБА, ҚарМ, ИСМ
    төлеуден толық босатыла отырып     маусым
    уақытша әкелiнетiн және кеден
    баждарын төлеуден толық боса.
    тыла отырып уақытша әкетiлетiн
    тауарлардың тiзбесiн бекiту
    туралы

4.  Тауарлар мен көлiк құралдарын    2003 жылғы  КБА, ҚарМ, ККМ, 
    Қазақстан Республикасына әкелуге    маусым   ЭМРМ, ІІМ, ИСМ,
    және Қазақстан Республикасынан               АШМ
    әкетуге тыйым салуларды, кейбiр
    кеден режимдерiне орналастыруға
    тыйым салынған тауарлардың тiз.
    белерiн, сондай-ақ жекелеген
    кеден режимдеріне орналастырылған
    тауарлармен операциялар жүргiзуге
    арналған тыйым салулар мен
    шектеулердi бекiту туралы
    операциялар жүргізуге арналған
    тыйым салулар мен шектеулерді
    бекіту туралы

5.  Тауарларды кедендік ресiмдеу    2003 жылғы   КБА, ҚарМ
    үшiн кеден баждары мен кеден      маусым
    алымдарын салудан босатуға
    арналған құжаттар ұсыну
    eрежесiн бекiту туралы

6.  Кеден органдары алатын кеден    2003 жылғы   КБА, ҚарМ
    алымдарының, алымдар мен төлем.   маусым
    дердiң ставкаларын бекiту
    туралы

7.  Нысанды киiм мен айырым белгi.   2004 жыл     КБА
    лерiнiң үлгiлерiн, сондай-ақ
    олармен Қазақстан Республика.
    сының кеден органдары лауазымды
    адамдарын қамтамасыз ету норма.
    ларын бекiту туралы

8.  Кеден төлемдерi мен салықтардың   2003 жылғы    КБА, ҚарМ
    төленуi мiндеттi түрде қамтамасыз  маусым
    етiле отырып Қазақстан Республи.
    касының аумағы бойынша өткiзiлетiн
    тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы

9.  Оқпен атылатын қаруларды алып     2003 жылғы   КБА, ІІМ, ҚорМ
    жүру, сақтау және пайдалану         маусым
    құқығы берiлген кеден органдары
    лауазымды адамдарының санаттарын
    және Қазақстан Республикасының
    кеден органдарында пайдаланылатын
    оқпен атылатын қарулар, оқ-дәрi.
    лер және арнайы құралдар түрлерi.
    нiң тiзбелерiн бекiту туралы

10. Қазақстан Республикасы кеден       2003 жылғы  КБА, ЕХҚМ
    органының лауазымды адамы өзiнiң     маусым
    қызметтiк мiндеттерiн атқаруы
    кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс
    болған) жағдайда бiржолғы
    өтемақы төлеу ережесiн бекiту
    туралы

11. Кедендік құнды айқындаудың         2003 жылғы   КБА, ҚарМ
    резервтік әдiсін қолдану кезiнде    тамыз
    пайдаланылатын ақпараттық
    анықтамалықты бекiту туралы
__________________________________________________________________