Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 722 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.15 № 1062 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952368_ 397-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтілсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы мекемелерiнiң басшы және жедел құрамының киiм нысандары туралы ереже және нысандық киім, аяқкиім заттары мен жабдықтарын киіп және тағып жүру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 344 P930344_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының шекара маңында кеден күзетудi және режимдi жүзеге асырушы кеден органдарының лауазымды адамдарына және әуежайлар мен кедендiк ресiмдеу залдарында кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдарға погоны бар нысанды киiм кию құқығын белгiлей отырып, Кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiм кию ережесiн бекiтсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

                                   Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                        2000 жылғы 12 тамыздағы
                                      N 1247 қаулысымен бекiтiлген

               Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды
          адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгілерiнiң тiзбесi

                                  I БӨЛIМ


                               Нысанды киiм


                                 1 тарау


             Қазақстан Республикасы кеден органдары жоғары басшы

                           құрамының нысанды киiмi


     1. Жоғары басшы құрамның (еркектердiң) бiр киер нысанды киiмi:

     қаракөлден тiгiлген сұр түстi папаха;


 
       қара түстi күнқағарының шетiнде алтын түстi өрнектерi бар, басқа киер жерiнiң жиектерi қызыл түстi, төбесi - қызыл түстi жиектерi бар ақ түсті, басқа киер жерiнде кокардасының айналасы алтын түспен зерленген, күнқағарының жиегiне әшекейленген лента жүргiзiлген бiр киер фуражка;
      тысталған және қаракөлден тiгiлген сұр түсті қайырма жағасы бар

 

көкшiл-сұр немесе көк түсті пәлте;

     белдiгi бар көкшiл-сұр немесе көк түстi тiк пiшiлген плащ;

     кеуде қалталары, қалпақша қалталары бар, жеңдерiнде қызыл жиегi және

бұлардың шетiнде алтын түстi жiппен тiгiлген кестесi бар, жағасы қызыл

түспен жиектелген ақ түстi бiржақты бiр киер мундир;

     қызыл түстi лампастары бар көкшiл-сұр немесе көк түстi балағы түсiңкi

шалбар;

     ақ түстi жейде мен шымқай көк түсті галстук;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi бәтiңке;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi қысқа қонышты бәтiңке;

     алтын түстi салтанат белдiгi;

     ақ түстi қолғап;

     ақ түстi бөкебай.

     2. Жоғары басшы құрамның (еркектердiң) күнделiктi киетiн нысанды

киiмi:

     қаракөлден тiгiлген сұр түстi папаха;


 
       төбесiнiң шеттерiнде көгiлдiр түстi жиегi бар, басқа киер жерiнде

 

кокардасының айналасы алтын түспен зерленген, күнқағарының жиегiне

әшекейленген лента жүргiзiлген көкшiл-сұр немесе көк түстi күнделiктi

киетiн фуражка;

     белбеуi бар көкшiл сұр немесе көк түстi тiк плащ;

     тысталған және қаракөлден тiгiлген сұр түстi қайырма жағасы бар

көкшiл сұр немесе көк түстi пәлте;

     кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жеңдерiнде көгiлдiр

түстi жиегi бар көкшiл сұр немесе көк түстi бiржақты күнделiктi китель;

     кеуде қалталары бар көкшiл сұр немесе көк түстi ысырмалы күрте;

     көгiлдiр түстi лампастары бар көкшiл сұр немесе көк түстi балағы

түсiңкi шалбар;

     көк түстi жейде мен шымқай көк түстi галстук;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi бәтiңке;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi қысқа қонышты бәтеңке;

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай.

     3. Жоғары басшы құрамның (еркектердiң) далалық нысанды киiмi:

     цигейкадан тiгiлген сұр түстi құлақшынды бөрiк;

     камуфляж түстес кепкi;

     камуфляж түстес далалық күрте мен тiк пiшiлген шалбар;

     камуфляж түстес далалық жылы күрте мен шалбар;

     қонышы биiк далалық қара түстi бәтiңке;

     жылы немесе қонышы биiк қара түстi бәтiңке;

     сұр түсті қолғап;

     сұр түстi бөкебай;

     жабдықтар.

     4. Жоғары басшы құрамның (еркектердiң) арнайы нысанды киiмi:

     мех күрте;

     жұқа күрте;

     қыстық қалың етiк.

     5. Жоғары басшы құрамның (әйелдердiң) бiр киер киiмi:

     қаракөлден тiгiлген сұр түстi бөрiк;

     шетi алтын түспен зерленген қара түстi күнқағары бар, кокардасының

айналасы алтын түспен зерленген бiр киер фуражка;

     тысталған және қаракөлден тiгiлген сұр түстi қайырма жағасы бар көкше

сұр немесе көк түстi пәлте;

     белбеуi бар көкшіл сұр немесе көк түстi тiк пiшiлген плащ;

     жеңдерiнде қызыл жиегi және бұлардың шетінде алтын түстi жіппен

зерленген кестесi бар, жағасы қызыл түспен жиектелген ақ түстi бiр киер

ашық бiржақты мундир;

     көкшіл сұр немесе көк түстi белдемше;

     қызыл түстi лампастары бар көкшiл сұр немесе көк түсті тiк пiшiлген

шалбар;

     ақ түстi жейде мен шымқай көк түстi галстук;

     табиғи былғарыдан тігiлген қара түстi етік;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi туфли;

     алтын түстi салтанат белдiгi;

     ақ түстi қолғап;

     ақ түстi бөкебай.

     6. Жоғары басшы құрамның (әйелдердiң) күнделiктi киетiн нысанды киiмi:

     қаракөлден тігілген сұр түстi бөрiк;

     көкшiл сұр немесе көк түстi күнқағары бар күнделiктi киетiн фуражка;

     тысталған және қаракөлден тiгілген сұр түстi жағасы бар көкшiл сұр

немесе көк түстi пәлте;

     белбеуi бар көкшіл сұр немесе көк түстi тік пiшiлген плащ;

     күнделiктi киетiн ашық бiржақты китель мен көкшіл сұр немесе көк

түстi белдемше;

     көкшіл сұр немесе көк түстi шалбарымен бiрге ысырмалы күрте;

     көкшіл сұр немесе көк түстi қысқа шалбар;

     көк түстi тоқыма жилет;

     көк түстi жейде мен шымқай көк түстi галстук;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түсті етiк;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi туфли;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi қысқа бәтiңке;

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай.

     7. Жоғары басшы құрамның (әйелдердiң) далалық нысанды киiмi:

     сұр түстi цигейкадан тiгiлген құлақшын;

     камуфляж түстес кепкi;

     камуфляж түстес далалық жылы күрте мен шалбар;

     камуфляж түстес далалық күрте мен тiк пiшiлген шалбар;

     табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi жылы етiк;

     түздiк қонышы биiк бәтiңке;

     сұр түсті қолғап;

     сұр түстi бөкебай;

     жабдықтар.

     8. Жоғары басшы құрамның (әйелдердiң) арнайы нысанды киiмi:

     жұқа күрте;

     мех күрте;

     қыстық қалың етiк.


                                  II тарау


                   Қазақстан Республикасы кеден органдары

                аға, орта, кiшi басшы құрамының нысанды киiмi


     9. Аға, орта, кiшi басшы құрамның (еркектердiң) бiр киер нысанды

киiмi:

     күнқағарының жиегiнде әшекейленген лента жүргiзiлген, қара түстi

күнқағары бар сұр түсті құлақшынды бөрік;

     басқа киер жерi көкшiл немесе көк түстi, төбесi - көгiлдiр түстi

жиегi бар ақ түстi, күнқағарының жиегiнде әшекейленген лента жүргiзiлген,

қара түстi күнқағары бар ақ түстi бiр киер фуражка;

     тысталған және қаракөлден тiгiлген сұр түстi қайырма жағасы бар сұр

түстi пәлте;

     белбеуi бар көкшiл сұр немесе көк түстi тiк пiшiлген плащ;

     кеуде қалталары, қалпақша қалталары бар, жеңдерiнде көгiлдiр жиегi

бар, жағасы көгiлдiр түспен жиектелген бiржақты ақ түстi бiр киер китель;

     көгiлдiр түстi жиегi бар көкшiл сұр немесе көк түстi балағы түсiңкi

шалбар;

     ақ түстi жейде мен шымқай көк түстi галстук;

     былғарыдан тiгiлген қара түстi бәтiңке;

     былғарыдан тiгілген қара түстi қысқа бәтеңке;

     ақ түстi қолғап;

     ақ түстi бөкебай.

     10. Аға, орта, кiшi басшы құрамның (еркектердiң) күнделiктi нысанды

киiмi:


 
       күнқағарының жиегiнде әшекейленген лента жүргiзiлген, қара түстi

 

күнқағары бар, қаракөлден тiгiлген құлақшынды бөрiк;

     төбесiнiң жиегiн бойлай көгiлдiр түстi көмкермесi бар, күнқағарының

бойымен әшекейлi лента тағылған сұр-көгiлдiр немесе көк түстi күнделiктi

фуражка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл жағасы бар сұр-көгiлдiр немесе көк

түстi пәлте;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi белбеуi бар тiк тiгiлген плащ;

     кеуде қалталары мен қалпақша қалталары бар жеңдерi, жағасы да

көгiлдiр ақық түспен жиектелген ақ түстi бiржақты күнделiктi китель;

     кеуде қалталары бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi ысырма күрте;

     көгiлдiр түспен жиектерi бар, балағы түсiңкi сұр-көгiлдiр немесе көк

түстi шалбар;

     көк түстi жейде және шымқай көк түстi галстук;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген бәтiңке;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген қысқа қонышты бәтiңке.

     11. Аға, орта, кiшi басшы құрамның (еркектердiң) далалық нысанды

киiмi:

     сұр түстi цигейкадан тiгiлген құлақшынды бөрiк;

     камуфляж түстi бас киiм;

     камуфляж түстi далалық жылы күрте мен шалбар;

     камуфляж түстi тiк пiшiлген далалық күрте мен шалбар;

     жылы немесе қонышы биiк қара түстi бәтiңке;

     қонышы биiк, қара түстi далалық бәтiңке;

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай;

     жабдықтар.

     12. Аға, орта және кiшi басшы құрамның (еркектердiң) арнаулы нысанды

киiмi:

     жұқа күрте;

     былғары күрте немесе келте тон;

     қыстық қалың етiк (пима).

     13. Аға, орта және кiшi басшы құрамның (әйелдердiң) бiр киер нысанды

киiмi:

     сұр түсті қаракөлден тiгiлген құлақшын;

     қара түстi күнқағары бар фуражка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл жағасы бар сұр-көгiлдiр немесе көк

түстi пәлте;

     белдiгi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi тiк плащ;

     ақ түстi бiр киер ашық бiржақты китель, жеңдерi көгiлдiр түспен

өрнектелген, жағасында көкшiл жиек бар;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi белдемше;

     көгiлдiр түстi жиектерi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi шалбар;

     ақ түстi жейде және шымқай көк түстi галстук;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген етiк;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген туфли;

     ақ түстi қолғап;

     ақ түстi бөкебай.

     14. Аға, орта, кiшi басшы құрамның (әйелдердiң) күнделiктi нысанды

киiмi:

     сұр түстi қаракөлден тiгiлген бөрiк;

     көк-көгiлдiр немесе көк түстi күнқағары бар күнделiктi фуражка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл жағасы бар сұр-көгiлдiр немесе көк

түстi пәлте;

     белбеуi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi плащ;

     жағасы көгiлдiр түспен жиектелген, күнделiктi, сұр-көгiлдiр немесе

көк түстi ашық бiржақты китель;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi белдемше сұр-көгiлдiр немесе көк түстi

қысқа шалбар;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi шалбарлары бар ысырма күрте;

     көк түстi тоқыма кеудеше;

     көк түстi көйлек және шымқай көк түстi галстук;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi мақта-мата көйлек;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген етiк;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген туфли;

     сұр түстi қолғаптар;

     сұр түстi бөкебай.

     15. Аға, орта, кiшi басшы құрамның (әйелдердiң) далалық нысанды киiмi:

     сұр түстi цигейкадан тiгiлген құлақшынды бөрiк;

     камуфляж түстi кепка;

     камуфляж түстi далалық жылы күрте мен шалбар;

     камуфляж түстi тiк пiшілген далалық күрте мен шалбар;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген жылы етiк;

     қонышы далалық бәтiңке;

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай;

     жабдықтар.

     16. Аға, орта және кiшi басшы құрамның (әйелдердiң) арнаулы нысанды

киiмi:

     жұқа күрте;

     мех күрте немесе келте тон;

     қыстық қалың етiк (пима).


                                  III тарау


              Кiшi басшы құрам мен курсанттардың нысанды киiмi


     17. Кiшi басшы құрам мен курсанттардың (еркектердiң) бiр киер нысанды

киiмi:

     күнқағарының жиегiн бойлай әшекейлi лента тартылған қара күнқағары

бар сұр түстi қаракөл құлақшынды бөрiк:

     күнқағары қара түстi, басқа киер жерi көгiлдiр немесе көк түстi,

төбесi - ақ түстi, көгiлдiр түспен жиектелген күнқағарын бойлай әшекейлi

лента жүргiзiлген бiр киер фуражка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл қайырма жағасы бар сұр түстi пәлте;

     белбеуi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi тiк плащ;

     кеуде қалталары, қалпақша қалталары бар, жағасы көгiлдiр түспен

жиектелген ақ түстi бiржақты бiр киер китель;

     көгiлдiр түспен жиектелген, сұр-көгілдiр немесе көк түстi, балағы

түсiңкi шалбарлар;

     ақ түстi жейде және шымқай көк түстi галстук;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген бәтiңке;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген қысқа қонышты бәтiңке;

     алтын түстес салтанат белбеуi;

     ақ түстi қолғап;

     ақ түстi бөкебай.

     18. Кiшi басшы құрам мен курсанттардың (еркектердiң) күнделiктi және

далалық нысанды киiмi:

     қара түстi күнқағары бар, күнқағар бойымен әшекейлi лента жүргiзiлген

сұр түстi қаракөл құлақшынды бөрiк;

     төбесiнiң жиектерi бойымен көгiлдiр түспен жиектелген, күнқағарын

бойлай әшекейлi лента жүргiзiлген сұр-көгiлдiр немесе көк түстi күнделiктi

фуражка;

     камуфляж түстi кепка;

     белбеуi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi тiк плащ;

     камуфляж түстi далалық жылы күрте мен шалбар;

     камуфляж түстi далалық күрте мен тiк пiшiлген шалбар;

     кеуде қалталары бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi ысырма күрте;

     көгiлдiр түстi жейде және шымқай көк түстi галстук;

     көгiлдiр түстi жиектерi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi, балағы

түсiңкi шалбар;

     қоңыр түстi белбеу;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген туфли;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген бәтiңке;

     қара түстi биiк қонышты түздiк бәтiңке (немесе етiк);

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай.

     19. Кiшi басшы құрам мен курсанттардың (әйелдердiң) бiр киер нысанды

киiмi:

     сұр түстi қаракөлден тiгiлген бөрiк;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi пилотка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл жағасы бар сұр-көгілдiр немесе көк

түстi пәлте;

     белбеуi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi тік плащ;

     жеңдерiнде көгілдiр өрнегі бар, жағасы көгiлдiр түспен жиектелген

бiржақты ақ түстi бiр киер ашық китель;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi белдемше;

     көгiлдiр түстi жиектерi бар сұр-көгiлдiр немесе көк түстi шалбар;

     ақ түстi жейде және шымқай көк түстi галстук;

     алтын түстес салтанат белбеуi;

     қара түстi табиғи былғарыдан тігiлген туфли;

     қара түсті табиғи былғарыдан тiгілген етік;

     ақ түсті бөкебай;

     ақ түсті қолғап.

     20. Кiшi басшы құрам мен курсанттардың (әйелдердiң) күнделікті және

далалық нысанды киiмi:

     сұр түстi қаракөлден тiгiлген бөрiк;

     сұр түстi цигейкадан тiгілген құлақшынды бөрiк;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi пилотка;

     камуфляж түстi кепка;

     тысталған және сұр түстi қаракөл жағасы бар сұр-көгілдiр немесе көк

түсті пәлте;

     белбеуi бар сұр-көгілдiр немесе көк түсті тiк плащ;

     камуфляж түстi тiк пiшілген далалық күрте мен шалбар;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi күнделiктi ашық бiржақты китель;

     сұр-көгілдiр немесе көк түсті шалбары бар ысырма күрте;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi белдемше;

     сұр-көгiлдiр немесе көк түстi мақта-мата көйлек;

     көк түстi көйлек және шымқай көк түстi галстук;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгiлген туфли;

     қара түстi биiк қонышты далалық бәтiңке;

     қара түстi табиғи былғарыдан тiгілген етік;

     сұр түстi қолғап;

     сұр түстi бөкебай;

     жабдық.


                                   ІІ БӨЛIМ


              Погондар, айырым белгiлерi, кокардалар, эмблемалар


                                   IV тарау


                                   Погондар



 
       21. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының арнаулы атақтары бойынша айырым белгiлерi погондар болып табылады.
      22. Жоғары басшы құрамның погондары:
      жоғарғы жиегi сопақша келген, алтын жалатылған жiппен көмкерiлген бiр киер погондары, погон жиегiне алтын жалатылған жiптен әдiптелген ерекше өрiлiмдегi оқадан жасалып, күмiс түстес ұлттық өрнекпен өрнектелген;
      жейдеге арналған, сопақша жоғарғы жиегi бар, алтын жалатылған жiптермен көмкерiлген погондар, погонның алаңы ақ түстi матадан жасалып, алтын жалатылған зермен ұлттық өрнекпен өрнектелген;
      сопақша жоғарғы жиегi бар, алтын жалатылған жiппен көмкерiлген күнделiктi погондар, погон алаңы көк түстi матадан жасалып, алтынмен жиектелген алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген;
      сопақша жоғарғы жиегi бар, жиектелмеген далалық погондар, погон алаңы камуфляж түстi мата қиындысынан жасалған, погондардағы жұлдыздар мен бүркiт қорғаныштық түстес.
      Погондарға алтын жiптермен тiгiлген диаметрi 22 мм жұлдыздар орналастырылған. Погонның төменгi бөлiгiнде алтын түстi қыран тiгiлген.
      23. Погондардағы жұлдыздар былайша орналасады:
      кеден қызметiнiң генерал-майоры - 1 жұлдыз;
      кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты - үлестi ендiгi бойымен 2 жұлдыз.
      24. Аға басшы құрамның погондары:
      бiркиер киiмге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi жиегi - күмiс түсті ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi ерекше өрiмделген оқа;
      жейдеге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгілдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi жиегi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген ақ түстi тоқыма матадан жасалған оқа;
      жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерілген күнделiктi

 

погондар, погондар жиегi - алтын түстес ұлттық өрнекпен өрнектелген көк

түсті тоқыма мата;

     жоғарғы жиегi сопақша келген, көмкерiлмеген далалық погондар,

погондардың үстiңгi бетi - камуфляж түстi тоқыма мата, ашық қоңыр түстес

қыран.

     Аға басшы құрамның погондарында диаметрi 20 мм жұлдызшалар және алтын

түстi екi көлденең жолақ орналасады. Көлденең жолақтардың ені - 4 мм.

Погондардың жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.

     25. Погондардағы жұлдыздар былай орналасады:

     кеден қызметiнiң майоры - 1 жұлдыз;

     кеден қызметiнiң подполковнигi - 2 жұлдыз;

     кеден қызметiнiң полковнигі - 3 жұлдыз.

     26. Орта басшы құрамның погондары:


 
       бiркиер киiмге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi бетi - күмiс түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi ерекше өрiмделген оқа;
      жейдеге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген ақ түсті тоқыма мата;
      жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерілген күнделiктi

 

погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен

өрнектелген көкшіл түсті тоқыма мата;

     жоғарғы жиегi сопақша келген, көмкерiлмеген далалық погондар,

погондардың үстіңгi бетi - камуфляж түстi тоқыма мата, погондардағы

жұлдыздар ашық қоңыр түстес.

     Орта басшы құрамның погондарында диаметрi 13 мм жұлдыздар және бiр

көлденең жолақ орналасады. Көлденең жолақтардың енi - 4 мм. Погондардың

жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.

     27. Погондардағы жұлдыздар былай орналасады:

     кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты - 1 жұлдыз;

     кеден қызметiнiң лейтенанты - 2 жұлдыз;

     кеден қызметiнiң аға лейтенанты - 3 жұлдыз;

     кеден қызметiнiң капитаны - 4 жұлдыз.

     28. Кiшi басшы құрамның погондары:


 
       бiркиер киiмге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi жиегi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi ерекше өрiмделген оқа;
      жейдеге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгілдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi бетi алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген ақ түстi тоқыма мата;
      жоғарғы жиегi сопақша келген, көгілдiр түспен көмкерiлген күнделiктi погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген кекшiл түстi тоқыма мата;
      жоғарғы жиегi сопақша келген көмкерiлмеген дала погондары, погондардың үстiңгi бетi - камуфляж түстi тоқыма мата, погондардағы жұлдыздар ашық қоңыр түстес.
      Кiшi басшы құрамның погондарында диаметрi 13 мм жұлдыздар болады. Погондардың жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.
      29. Погондардағы жұлдыздар былай орналасады:
      кеден қызметiнiң прапорщигi - 2 жұлдыз;
      кеден қызметiнiң аға прапорщигi - 3 жұлдыз.
      30. Курсанттардың погондары:
      бiркиер киiмге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерілген погондар, погондардың үстiңгi бетi - күмiс түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде "К" әрпi бар;
      жейдеге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгілдiр түспен

 

көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық

өрнекпен өрнектелген ақ түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде "К" әрпi бар;

     жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген күнделiктi

погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен

өрнектелген көкшiл түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде "К" әрпi бар;

     жоғарғы жиегi сопақша келген, көмкерiлмеген далалық погондар,

погондар камуфляж түстi тоқыма матадан жасалады.


                                  V тарау


                              Айырым белгілерi


     31. Погондары бар нысанды киiм кию құқығы берiлмейтiн лауазымды

адамдардың арнайы атақтары бойынша айырым белгiлерi жағаға және шевронға

тағылатын бұрыштамалар болып табылады.

     32. Жағаға тағылатын бұрыштамалар аға басшы құрамға қатысты екенiн

айқындайды. Шевронға тағатын бұрыштамалардың саны аға және орта басшы

құрамдардың арнайы атағына сәйкес келедi.

     33. Кiшi басшы құрам үшiн арнайы атақтар бойынша айырым белгiлерi

шевронға тағатын жолақтар болып табылады.


                                  VI тарау


      Жеңге тағатын белгiлер, кокардалар, эмблемалар, бейдж-белгілер,

                    бас киiмдер мен киiмдердегi тiгіндiлер


     34. Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының

жеңге тағатын белгiлерi басшы құрамға және "Барыс" ерекше әрекет тобына

қатыстылығын айқындауға арналған.

     35. Жеңге тағатын белгiлер өзара жасалған бейнелердiң мазмұнымен,

мәтiндiк жазбалармен және түр-түс үйлесiмдерiмен өзгешеленетiн матаға

тiгiлген шеврондар болып табылады.

     36. Сондай-ақ кокардалар, эмблемалар, бейдж-белгілер, бас киiмдер мен

киiмдердегi тiгiндiлер де ерекшелiк белгiлерi болып табылады.



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.