әрекетiнiң тиiмдi түрде алдын алу, көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында мынадай құрамда Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құрылсын: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi, төраға Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келiсiм бойынша) Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Белоруков Николай Васильевич - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Дүтбаев Нартай Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Сәдуақасова Эльдана Мәкiнқызы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Азаматтық авиация комитетiнiң төрайымы Қалқабаев Ержан Шойбекұлы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетінiң төрағасы Жұмабаев Бейбiт Тейнелұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары Несiпбаев Құрман Қасенұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Шекаралық бақылау басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
2. Yйлестiру кеңесiне көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестiру, жүк және жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып анықталсын. 4. Yйлестiру кеңесi: 1) бiр ай мерзiмде Yйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн; 2) көлiктегi қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдасын және 2001 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде көлiктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары