Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 27 қыркүйек N 76-ө

Жаңартылған

      1. Қазақстан Республикасы көлiгiнiң қызметiне заңсыз араласу әрекетiнiң тиiмдi түрде алдын алу, көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында мынадай құрамда Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құрылсын:     

Нағманов                        - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы               және коммуникациялар министрi,
                                  төраға

Дүтбаев                         - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы                  қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы,
                                  төрағаның көлiктегi терроризмге
                                  қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi
                                  жөнiндегi орынбасары (келiсiм
                                  бойынша)

Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы     - Қазақстан Республикасы Бас
                                  прокурорының орынбасары
                                  (келiсiм бойынша)

Отто Иван Иванович              - Қазақстан Республикасының
                                  Iшкi iстер вице-министрi

Елекеев                         - Қазақстан Республикасының
Ирак Қасымұлы                     Әділет вице-министрі     

Ақшанов                         - Қазақстан Республикасының
Болат Қасымұлы                    Кедендiк бақылау агенттiгi
                                  төрағасының орынбасары

Уажанов                         - Қазақстан Республикасының
Тұрсын Yшбайұлы                   Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара
                                  қызметi директорының орынбасары
                                  (келiсiм бойынша)

      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 16 өкімімен .
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23. N 59 өкімімен .
      Ескерту. Тақырыбы және 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.23. N 728 қаулысымен .

      2. Yйлестiру кеңесiне көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестiру, жүк және жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жүктелсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органдары болып анықталсын. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.23. N 728 қаулысымен .     

      4. Yйлестiру кеңесi:
      1) бiр ай мерзiмде Yйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) көлiктегi қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдасын және 2001 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде көлiктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

      Премьер-Министрдің
      бірінші орынбасары