1. Қазақстан Республикасы көлiгiнiң қызметiне заңсыз араласу әрекетiнiң тиiмдi түрде алдын алу, көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында мынадай құрамда Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құрылсын:
Сүнтаев Тiлеген Иматұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендiк бақылау
комитетінiң төрағасы
орынбасарының мiндетiн атқарушы
Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары (келiсiм
бойынша)
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы - Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Уажанов - Қазақстан Республикасының
Тұрсын Yшбайұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара
қызметi директорының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Ахметов Темiрбай Бiләлұлы - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгi орталық ішкі iстер
басқармасының бастығы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2002.03.19. N 16
өкімімен
, 2002.05.23. N 59
өкімімен
, Тақырыбы және 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.23. N 728
қаулысымен
, 2005.03.01. N 42
өкімімен
.
2. Yйлестiру кеңесiне көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестiру, жүк және жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жүктелсiн.
3. <*>
4. <*>
Ескерту. 3,4-тармақтар алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2005.03.01. N 42
өкімімен
.
Премьер-Министрдің
бірінші орынбасары