Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 желтоқсан N 1870. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N  3787 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N  1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      Кіріспедегі "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:     

     Саудабаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қанат Бекмырзаұлы           Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға

     Бүркітбаев                - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Серік Мінуәрұлы             коммуникациялар министрі, төрағаның
                                 орынбасары     

     Марченко                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Григорий Александрович      Банкінің төрағасы, төрағаның
                                 орынбасары (келісім бойынша)     

     Школьник                  - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Владимир Сергеевич          индустрия және сауда министрі     

     Смағұлов Қайрат           - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Молдрахманұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                 бірінші орынбасары     

     Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Нұралы Сұлтанұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                                 вице-министрі     

     Медетбеков                - Қазақстан Республикасы Президенті
     Ренат Әсембайұлы            Күзет қызметінің басқарма бастығы
                                 (келісім бойынша)     

     Сақыпов                   - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
     Нұрлан Заркешұлы            қоғамының президенті (келісім
                                 бойынша)     

     Нәсиев                    - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Асқар Қайратұлы             коммуникациялар министрлігінің
                                 Телекоммуникациялар және почта
                                 департаментінің директоры     

     Мінікаев                  - Қазақстан Республикасы Қарулы
     Марат Нұрғалиұлы            Күштері Бас штабы басқармасының
                                 бастығы     

     Мартиросов                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
     Михаил Грантович            министрлігінің Жедел-техникалық
                                 қызметі департаменті бастығының
                                 орынбасары     

     Қаратаев                  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Шахмардан Сейітқанұлы       құпияларды қорғау жөніндегі
                                 агенттігінің басқарма бастығы     

     Поликарпов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Олег                        Банкінің Ақпараттық технологиялар
     Юрьевич                     департаментінің директоры     

     Слободянюк                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Анатолий                    Министрі Кеңсесінің Бақылау және
     Ануфриевич                  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
                                 меңгерушісінің орынбасары -
                                 ақпаратты қорғау секторының
                                 меңгерушісі, хатшы;     

     "Бектасов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Әбен Ағыбайұлы              кіріс вице-министрі, төрағаның
                                 орынбасары"

     деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөз алынып тасталсын;
     Жандосов Ораз Әлиұлы, Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 
      атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     І "Жалпы ережелер" деген тарауда:
     1-тармақта:
     "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     "стандарттарын енгізу," деген сөздерден кейін "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     2-тармақта:
     "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ІІ "Негізгі міндеттері" деген тарауда:
      4-тармақта:
      екінші абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Республикасында Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру"; 
      төртінші абзац алынып тасталсын; 
      алтыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      тоғызыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      оныншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      он бірінші абзацтағы "ақпараттық" деген сөз "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      он екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "Комиссияның құқықтары" деген бөлімнің бесінші абзацындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда: 
      5-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      7-тармақ алынып тасталсын; 
      12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
1999 жылғы 7 желтоқсандағы       
N 1870 қаулысына қосымша        

               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              күші жойылған кейбір шешімдерінің
                             тізбесі

       1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 12 маусымдағы N 221 өкімі;
       2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Телекоммуникациялар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі N 1243  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 371-құжат);
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 маусымдағы N 288 өкімі;
      4. "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 502  қаулысы .