Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 желтоқсан N 1870

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 U973787_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 P981384_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      Кіріспедегі "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан

"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан 
"Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен 
мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі 
комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
     
     Саудабаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қанат Бекмырзаұлы           Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға
     
     Бүркітбаев                - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Серік Мінуәрұлы             коммуникациялар министрі, төрағаның
                                 орынбасары
     
     Марченко                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Григорий Александрович      Банкінің төрағасы, төрағаның
                                 орынбасары (келісім бойынша)
     
     Школьник                  - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Владимир Сергеевич          индустрия және сауда министрі
     
     Смағұлов Қайрат           - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Молдрахманұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                 бірінші орынбасары
     
     Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Нұралы Сұлтанұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                                 вице-министрі
     
     Медетбеков                - Қазақстан Республикасы Президенті
     Ренат Әсембайұлы            Күзет қызметінің басқарма бастығы
                                 (келісім бойынша)
     
     Сақыпов                   - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
     Нұрлан Заркешұлы            қоғамының президенті (келісім бойынша)
     
     Нәсиев                    - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Асқар Қайратұлы             коммуникациялар министрлігінің
                                 Телекоммуникациялар және почта
                                 департаментінің директоры
     
     Мінікаев                  - Қазақстан Республикасы Қарулы
     Марат Нұрғалиұлы            Күштері Бас штабы басқармасының
                                 бастығы
     
     Мартиросов                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
     Михаил Грантович            министрлігінің Жедел-техникалық
                                 қызметі департаменті бастығының
                                 орынбасары
     
     Қаратаев                  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Шахмардан Сейітқанұлы       құпияларды қорғау жөніндегі
                                 агенттігінің басқарма бастығы
     
     Поликарпов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Олег                        Банкінің Ақпараттық технологиялар
     Юрьевич                     департаментінің директоры
     
     Слободянюк                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Анатолий                    Министрі Кеңсесінің Бақылау және
     Ануфриевич                  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
                                 меңгерушісінің орынбасары -
                                 ақпаратты қорғау секторының
                                 меңгерушісі, хатшы;
     
     "Бектасов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Әбен Ағыбайұлы              кіріс вице-министрі, төрағаның
                                 орынбасары"
     деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөз алынып тасталсын;
     


      Жандосов Ораз Әлиұлы, Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан

"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     І "Жалпы ережелер" деген тарауда:
     1-тармақта:
     "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай 
ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     "стандарттарын енгізу," деген сөздерден кейін "Бірыңғай ақпараттық 
кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
     2-тармақта:
     "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым 
министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
     
     ІІ "Негізгі міндеттері" деген тарауда:
     4-тармақта:


      екінші абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру";
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      оныншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      он бірінші абзацтағы "ақпараттық" деген сөз "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Комиссияның құқықтары" деген бөлімнің бесінші абзацындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;
      ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда:
      5-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы

министрлігінің "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" республикалық 
мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     1999 жылғы 7 желтоқсандағы
                                      N 1870 қаулысына қосымша
     
              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              күші жойылған кейбір шешімдерінің
                             тізбесі
     
     1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 12 
маусымдағы N 221 өкімі;


      2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Телекоммуникациялар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі N 1243 P951243_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1995 ж., N 30, 371-құжат);
     3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 
маусымдағы N 288 өкімі;
     4. "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын 
дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 
жылғы 29 сәуірдегі N 502  

P990502_

  қаулысы.
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.