Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi реттiк нөмiрi 470-136, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"470-136 "Бөбек" республикалық
оқу-сауықтыру орталығы" Алматы облысы
қазыналық кәсiпорны Қарасай ауданы"
2) "Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N 413
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,N 13, 126-құжат):
қаулының атауындағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларын, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды тәрбиелеу оқыту және сауықтыру болып айқындалсын";
6-тармақта:
екiншi абзацтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсiпорынды қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңдармен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады".
3) <*>
Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.