1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi реттiк нөмiрi 470-136, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"470-136 "Бөбек" республикалық
оқу-сауықтыру орталығы" Алматы облысы
қазыналық кәсiпорны Қарасай ауданы"
2) "Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N 413 P990413_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,N 13, 126-құжат):
қаулының атауындағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларын, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды тәрбиелеу оқыту және сауықтыру болып айқындалсын";
6-тармақта:
екiншi абзацтағы "Республикалық оқу-тәрбие орталығы" деген сөздер "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсiпорынды қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңдармен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады".
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерiндегi жетiм балаларды оңалту бағдарламасын, оларды тәрбиелеу, оқыту және сауықтырумен қоса iске асырады;";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және
ғылым министрлiгiнiң қарауына жататын ұйымдардың тiзбесiнде: "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi, реттiк нөмiрi 157-1, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "157-1. "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы". 2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.