Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 17 қараша N 1734. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.26. N 836 қаулысымен. ~P020836

Күшін жойған

      Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 1999 жылғы 9 сәуірдегі Ашғабат қаласындағы Арал теңізі бассейнінің мәселелері жөніндегі шешімдерін атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасынан мынадай өкілетті уәкілдер:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Владимир Сергеевич Школьник - Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқармасына;
      Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
      Алмабек Нұрышұлы Нұрышев - Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы-филиалының директоры;
      Медет Оспанұлы Оспанов - Ашғабат қаласында орналасқан Ғаламдық экологиялық қор Компонентінің директоры;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Утепов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына жіберілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429 P011429_қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының мына өкілетті өкілдері:
      Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов - Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасынан;
      Дәулетияр Айтмағанбетұлы Баялімов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен шақырылып алынсын.
      3. Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан тиiстi мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге және құжаттарға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429 P011429_қаулысымен.
      4. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 918 P970918_  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.