1. Қазақстан Республикасынан мынадай өкілетті уәкілдер:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев - Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқармасына;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
Алмабек Нұрышұлы Нұрышев - Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы-филиалының директоры;
Медет Оспанұлы Оспанов - Ашғабат қаласында орналасқан Ғаламдық экологиялық қор Компонентінің директоры;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Утепов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасының мына өкілетті өкілдері:
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов - Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасынан;
Дәулетияр Айтмағанбетұлы Баялімов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен шақырылып алынсын.
3. Ержан Әбілхайырұлы Өтембаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі
атынан тиісті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге және құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілсін. 4. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 918 P970918_ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.