1. Қазақстан Республикасынан мынадай өкілетті уәкілдер:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Владимир Сергеевич Школьник - Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқармасына; <*>
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
Алмабек Нұрышұлы Нұрышев - Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы-филиалының директоры;
Медет Оспанұлы Оспанов - Ашғабат қаласында орналасқан Ғаламдық экологиялық қор Компонентінің директоры;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Утепов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына жіберілсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429
P011429_ қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының мына өкілетті өкілдері:
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов - Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасынан;
Дәулетияр Айтмағанбетұлы Баялімов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен шақырылып алынсын.
3. Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкiметi
атынан тиiстi мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге және құжаттарға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429 P011429_ қаулысымен. 4. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 918 P970918_ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.