1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
P990592_ қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының, 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге қажетті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне екі апта мерзім ішінде бекітуге енгізсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы <*> Басшылық Премьер-Министрдің Хатшылығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі <*> Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Заң бөлімі Аймақтық даму бөлімі Экономикалық бөлім Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі Жиынтық талдау бөлімі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Сыртқы байланыстар бөлімі Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі Кадр жұмысы бөлімі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қаржы-шаруашылық бөлімі Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің Хатшылығы ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. N 1878 қаулысымен. P991878_ ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 708a қаулысымен. P00708a_ ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.06.29. N 971 қаулысымен. P000971_ ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 58 қаулысымен. P010058_ ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.31. N 145 қаулысымен. P020145_ Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.