Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1438

Қолданыстағы

     "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы 
 

Z990389_

  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім 
беру қызметін көрсетуінің тәртібі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      1999 жылғы 22 қыркүйектегi
                                      N 1433 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
         Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру
                қызметiн көрсетуiнің тәртiбi
     
     1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 
әзiрлендi.
     2. Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетулерге:
     1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер;
     2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi 
қызмет көрсетулер;


      3) репититорлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;
      6) жазғы демалысты ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      7) үйiрмелiк қызметтi ұйымдастыру (базистiк оқу жоспарының шеңберiнен тыс) бойынша қызмет көрсетулер;
      8) спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру, төрешiлiк ету, оқушылардың арасындағы спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулер және медициналық қызмет көрсетулер;
      9) өзге де ақылы қызмет көрсетулер (музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшiн; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергия қондырғылары мен қазандықтары беретiн жылу энергиясын босату; оқу-көмекшi және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметi; оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн оқушылардан түсетiн төлем; оқушылардың жұмысы үшiн мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат сату және т.б.) жатады. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1438
               қаулысымен. P001438_
      3. Ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттың шеңберiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын негiзгi білім беру қызметiнiң орнына көрсетiле алмайды.
      4. Ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының негiзiнде әзiрленген және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру органдарымен (аудандық, қалалық және облыстық) келiсілген жұмыстық оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.
      5. Оқушыларға және (немесе) тәрбиеленушiлерге ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi мен ата-аналардың немесе оқушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында жасалатын шарттың негiзінде жеке кесте бойынша ұсынылады.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi мен ата-ананың немесе оқушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында жасалатын үлгі шартты Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      6. Оқушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерiн алудан бас тартуы оқушыны және (немесе) тәрбиеленушiнi басқа сыныпқа (топқа) немесе мектепке (мекемеге) ауыстыру не шығару үшiн негiз болып табылмайды.
      7. Оқушылардың және (немесе) тәрбиеленушiлердiң ата-анасынан немесе өзге де заңды өкiлдерiнен ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсеткенi үшiн ақша алу тараптардың қол жеткiзілген уағдаластығының негiзiнде кассалық кiрiс ордерлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      8. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы жазбаша шарт жасалған жағдайда заңдарда белгiленген талаптардан басқа, шарт мiндеттi түрде пәндердiң және (немесе) сабақтардың атауы, олардың көлемi, қызмет көрсетудің құны, тараптардың жауапкершiлiгi туралы деректердi қамтуы тиiс.
      9. Ақылы білiм беру қызмет көрсетулерiнiң құнын тараптар

қосымша сабақтардың мазмұны мен сапасы, сағаттардың саны, педагогикалық 
қызметкерлердiң бiлiктiлiгi, еңбекке ақы төлеу мен Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерінің тиiстi санаттары үшiн 
қосымша ақының ставкалары бойынша есептерден айқындайды.
     
        2. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуден түсетiн
               қаражатты пайдаланудың тәртiбi
     
     10. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы бiлiм беру қызмет 
көрсетулерiн iске асырудан алатын қаражат Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiткен қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді 
пайдаланудың тәртібінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
     11. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық 
салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен 
реттеледі.
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.