Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1438. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1102 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес және Ақсу қалалық мәслихаты мен Ақсу қаласының әкiмi берген материалдардың негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIЗ:
      1. Сольветка селосы Ақсу қаласы Қалқаман кентiнiң әкiмшiлiк және

аумақтық бағыныштылығынан Ақсу қаласының Евгеньевка селосының әкiмшiлiк 
және аумақтық бағыныштылығына берiлсiн. 
     2. Мыналардың:
     Сольветка селосының аумағы қосылып, Евгеньевка селосының шекарасы;
     Сольветка селосының аумағы алынып, Қалқаман кентiнiң шекарасы 
өзгертiлсiн. 
     3. Евгеньевка селосы орталық болып, құрамында Евгеньевка және 
Сольветка елдi мекендерi кiретiн Евгеньевка селолық округi құрылсын.
     4. Осы шешiм Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзiлсiн. 
     Облыстық мәслихат          Павлодар облысының әкiмi
     сессиясының төрағасы
     
     Облыстық мәслихаттың 
     хатшысы
     
     
     оқығандар: А.Татарков
                В.Подолян