Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органдарына облыстар бойынша білікті жұмысшы мамандықтарына сұраныс туралы ақпараттарды жыл сайын бірінші тоқсанда беріп отырсын.
2. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органдары білім беру ұйымдарының барлық оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жыл сайын осы қаулының 1 тармағында көрсетілген ақпараттарды мамыр айынан кешіктірмей жеткізуді ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органдары және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі заңдарға сәйкес білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексерілуі құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан
Республикасының білім беру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы орталық атқарушы органдарына осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде
жәрдем көрсетсін.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.