1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысымен бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Мәтінде "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы
органдар", "орталық атқарушы органдарына", "орталық атқарушы
органдардың" деген сөздер "орталық атқарушы органы", "орталық
атқарушы орган", "орталық атқарушы органына", "орталық
атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР
Үкіметінің 2002.04.16. N 439 қаулысымен. P020439_
1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Мемлекеттiк аттестациялау (бұдан әрi - аттестациялау), меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызмет көрсетулерiнiң бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм болып табылады.
3. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың негiзгi принциптерi объективтiлiк, мiндеттілiк, мерзiмдiлiк және жариялылық болып табылады.
4. Аттестациялау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi
5. Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармалары (департаменттерi) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына аттестациялауды жүргізуді ұйымдастырады.
6. Орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырады. <*>
Жалпы бастауыш, негiзгi жалпы және жалпы орта, бастауыш кәсiптiк білім беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) ұйымдастырады.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен. P020439_
7. Бiлiм беру ұйымдары бес жылда бiр реттен артық аттестацияланбайды.
8. Аттестациялаудың бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарын (филиалдарын) аттестациялау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қарауында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың қатысуымен өзiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi. <*>
Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен. P020439_
9. Аттестациялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) өз құзыреттерiне сәйкес Аттестациялық комиссия құрады.
Аттестациялық комиссияның құрамы мен ол туралы ереженi бiлiм саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдар бекiтедi.
10. Аттестациялық комиссиялар құрамына мыналар кіреді:
1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар өкілдері;
2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын аттестациялауды жүргізу кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдар өкілдері;
3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері. <*>
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен. P020439_
11. Аттестациялық комиссия аттестациялауды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) бекiтетiн бiлiм беру ұйымын аттестациялау кестесiне сәйкес, әр бiлiм беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) аталған мерзiмдi, Аттестациялық комиссияның дәлелді өтiнiшiнiң негiзiнде, үш күннен аспайтын мерзiмге ұзарта алады.
12. Аттестациялау кестелерi бiлiм беру ұйымдарына аттестациялау басталардан үш ай бұрын хабарланады.
Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алмайды.
13. Аттестациялау кестелерiне сәйкес аттестациялауға жататын бiлiм беру ұйымдары аттестациялау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органына және (немесе) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармаларына (департаменттеріне) құжаттар ұсынады.
14. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүргiзуге арналған шығыстар бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларының есебiнен жүзеге асырылады.
15. Аттестациялық комиссиялар шешімдері олар шығарылғаннан кейін жеті күннен кешіктірілмей білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар бұйрығымен бекітілуге тиіс.
Аттестациялық комиссиялар мынадай дәлелді шешімдер қабылдауға құқылы:
1) аттестациялау;
2) аттестацияламау.
"Аттестациялау" деген шешім мынадай реттерде қабылданады, егер:
1) білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтері білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартының тиісті деңгейінің талаптарына сай болса;
2) білім беру ұйымдары білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтаса.
"Аттестацияламау" деген шешім білім беру ұйымы осы тармақтың алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген аттестациялау шарттарының біреуін орындамаған жағдайда қабылданады.
Аттестациялық комиссиялар шешімдері білім беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды. <*>
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен. P020439_
16. Бiлiм беру сапасының бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес еместiгi туралы куәландыратын бiлiм беру ұйымын аттестацияламау фактiсi, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылады.
17. Бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның жанынан,
аттестацияланатын бiлiм беру ұйымдарының апелляциясын қарауға құқығы бар республикалық аттестациялық комиссия құрылады. <*> Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439 қаулысымен. P020439_ 18. Аттестациялық комиссияның шешіміне білім беру ұйымдары заңдарда белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін. 19. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестациялау, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.