Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 3 қыркүйек N 1305

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң 1999 жылғы    
қыркүйектегі        
N 1305 қаулысымен      
бекiтiлген         

Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау
туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

     Ескерту.  Мәтінде "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдарына", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органына", "орталық
атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
2002.04.16. N 439 қаулысымен.

      1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Мемлекеттiк аттестациялау (бұдан әрi - аттестациялау), меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызмет көрсетулерiнiң бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм болып табылады.

      3. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың негiзгi принциптерi объективтiлiк, мiндеттілiк, мерзiмдiлiк және жариялылық болып табылады.

      4. Аттестациялау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

      2. Мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi

      5. Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармалары (департаменттерi) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына аттестациялауды жүргізуді ұйымдастырады.

      6. Орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырады.
      Жалпы бастауыш, негiзгi жалпы және жалпы орта, бастауыш кәсiптiк білім беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) ұйымдастырады.
      Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарын орындауын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарын сақтауын бақылау мақсатында аттестаттау мамандықтар бөлiнiсiнде жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.08. N 1182
қаулысымен.

      7. Бiлiм беру ұйымдары бес жылда бiр реттен артық аттестацияланбайды.

      8. Аттестаттау өткiзудiң тәртібі туралы нұсқаулықтарды, аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткіштерiн, сондай-ақ білiм беру ұйымдарын аттестаттау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қарауында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың қатысуымен өзiнiң құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi. <*>
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439 қаулысымен.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.08. N 1182 қаулысымен.

      9. Аттестациялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) өз құзыреттерiне сәйкес Аттестациялық комиссия құрады.
      Аттестациялық комиссияның құрамы мен ол туралы ереженi бiлiм саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдар бекiтедi.

      10. Аттестациялық комиссиялар құрамына мыналар кіреді:
      1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар өкілдері;
      2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын аттестациялауды жүргізу кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдар өкілдері;
      3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439 қаулысымен.

      11. Аттестациялық комиссия аттестациялауды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) бекiтетiн бiлiм беру ұйымын аттестациялау кестесiне сәйкес, әр бiлiм беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) аталған мерзiмдi, Аттестациялық комиссияның дәлелді өтiнiшiнiң негiзiнде, үш күннен аспайтын мерзiмге ұзарта алады.

      12. Аттестациялау кестелерi бiлiм беру ұйымдарына аттестациялау басталардан үш ай бұрын хабарланады.
      Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алмайды.

      13. Аттестациялау кестелерiне сәйкес аттестациялауға жататын бiлiм беру ұйымдары аттестациялау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органына және (немесе) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармаларына (департаменттеріне) құжаттар ұсынады.

      14. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялауды жүргiзуге арналған шығыстар бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларының есебiнен жүзеге асырылады.

      15. Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi олар шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей білiм беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен бекiтiлуге тиiс.
      Аттестациялық комиссия мынадай дәлелді шешiмдер қабылдауға құқылы:
      1) аттестатталсын;
      2) аттестатталмасын.
      Бiлiм беру ұйымын "аттестаттау" туралы шешiм, егер:
      1) бiлiм беру қызметi бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және білiм беру
қызметін лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
      2) кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша оқитындар Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативті белгiлеген шектi деңгейден жоғары баға алса, қабылданады.
      "Аттестатталмасын" деген шешiм бiлiм беру ұйымы аттестаттаудың
көрсетiлген шарттарының ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
      Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi бiлiм беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды. <*>
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439 қаулысымен.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.08. N 1182 қаулысымен.

      16. Тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндетті мемлекеттік стандарттарының орындалмағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияда қамтылған талаптарды орындамағанын куәландыратын, кәсіптік орта, кәсiптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылған сәтіне дейiн бiлiм беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн негiз болады. <*>
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.08. N 1182 қаулысымен.

      17. Бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның жанынан, аттестацияланатын бiлiм беру ұйымдарының апелляциясын қарауға құқығы бар республикалық аттестациялық комиссия құрылады.
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 439
қаулысымен.

     18. Аттестациялық комиссияның шешіміне білім беру ұйымдары заңдарда белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

     19. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестациялау, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе  осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.