Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 Қаулысы

Жаңартылған

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға импортталатын тауарлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын:
      1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы; 
      2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы; 
      3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттары болмаса, республика аумағында сатуға тиым салынсын. 
      Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай болуы тиіс. 
      Тауар туралы жоғарыда көрсетілген ақпараттың болуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға шығару үшін тауар өндіретін немесе оны әкелуді жүзеге асыратын тұлға жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасына тауар жеткізіліміне арналып жасалған келісімшарттар (шарттар) осы тармақтың талаптарын қамтамасыз етілуді көздейтін ережелерді қамтуы тиіс.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24.  N 121  Қаулысымен.  

      2.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24.  N 121  Қаулысымен).  

      3.  (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.19  N 760  Қаулысымен).

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне: 
      1) тауарларды сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін; 
      2) тауарларды сатудың белгіленген тәртібінің бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын; 
      3) осы қаулының талаптарына сай келмейтін және сертификаттауға ұсынылған тауарларды есепке алу жөніндегі деректердің банкін жасасын және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар сұраған кезде аталған банктегі ақпараттармен қамтамасыз етсін; 
      4) өз құзыретінің шегінде осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.19  N 760  Қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 523  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 170-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2000 жылғы 11 қаңтардағы
                                           N 44 қаулысына
                                              қосымша

                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      1999 жылғы 31 тамыздағы
                                      N 1274 қаулысына қосымша

       ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.11.
N 44 , өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.08.19  N 760  Қаулыларымен. 

    Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)* мемлекеттік
     және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар
           қойылатын импортталатын тауарлардың тізбесі

___________________________________________________________________
   СЭҚ           !         Өнімнің атауы
   ТН коды
___________________________________________________________________

  0207            0105 тауарлық позициясында көрсетілген жаңа
                  сойылған, суытылған немесе мұздатылған Үй құсының
                  еті және тамақтық қосымша өнімдері  

  04              Сүт өнімі; құс жұмыртқасы; табиғи бал; малдан
 (040110900 0,    алынған тамақ өнімдері, нетто-көлемі 2 л. артық
  040120190 0,    орам. дағыдан басқа
  040120990 0,
  040130190 0,
  040130390 0,
  040130990 0,
  040210990,
  040291190,
  040291390,
  040291590,
  040291990,
  040299190,
  040299390,
  040299990,

  0404,
  040700110 0,
  040700190 0,
  0408, 0410
  -нан басқа)

  0711           Қысқа мерзімді сақтау үшін қалбырланған,
                 кептірілген, бүтін және басқа көкөністер

  0902           Шай

  110100-1103,   Ұн-жарма өнеркәсібінің  өнімдері; крахмал; инулин
  1108

  150100,        Тоңмайлар және жануар немесе өсімдік майлары және олардан
  150200,        алынған өнімдер; дайын тағамдық майлар;

  1507, 1508     жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған
  1509, 1512,    балауыздар, өнеркәсіптік қолданудан басқа

  151610100,
  151620910
  (150100110 0,
  150200100 0,
  150710100 0,
  150790100 0,
  150810100 0,
  150890100 0,
  151211100 0,
  151219100 0,

  151221,
  151229 - дан
  басқа) 

  16               Еттен, балықтан немесе шаян тәрізділерден,
  (160300,         моллюскалардан немесе өзге де су омыртқасыздары-
  -тен басқа)      нан жасалған дайын өнімдер, олардың экстракттары
                   мен соктарынан басқа

  170199100,       Қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер

  1704             

  1806             Какао қосылған шоколад және өзге де дайын тамақ
  (180620950-      өнімдері
  ден басқа)

  19               Астық дақылдарының дәнінен, ұннан, крахмалдан
  (190300000 0,    немесе сүттен алынған өнімдер; ұн-кондитерлік
  190190110 0,     өнімдер, крахмалдан жасалған тапиоктен және оны
  190190190,       алмастырғыштардан басқа
  190190910 0,

  20               Көкөністердің, жемістердің (жидектердің),
  (200891 990 0-   жаңғақтардың немесе өзге де өсімдік бөліктерінің
  нан басқа)       өңделген өнімдері

  21               Әртүрлі тамақ өнімдері, экстракттардан,
  (2101,           эссенциялар мән концентраттардан басқа
  210210100 0,     
  210390300 0,    
  210610800 0,
  210690980
  -нен басқа)

  2201-2203,       Алкогольді және алкогольсіз сусындар

  220860

  230910           Жануарларды қоректендіруге пайдаланылатын
                   өнімдер

  24               Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыш-
  (2401-ден        тар, темекі шикізаты мен темекі қалдықтарынан
                   басқа басқа)

  25010091         Тамаққа қолдануға жарамды тұз

  3208, 3209       Бояулар мен сырлар   

  330510000 0,       Шашқа арналған бұйымдар (шампуньдар) және тіс
  330610000 0        тазалауға арналған заттар (тіс пастасы және тіс
                   ұнтағы

  340220           Бөлшек сауда үшін бөлектеп өлшенген сырттан
                   қолданылатын органикалық заттар

  360410000        Отшашақтар

  57               Кілемдер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері

  61               Машинамен немесе қолмен тоқылымнан, тоқымадан
                   тігілген киімдер және киімдердің керек-жарақтары

  62               Тоқыма киімдер және киімдердің керек-жарақтары
                   (матадан, машинамен немесе қолмен тоқылымнан
                   басқа)

  841810800 1,     Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар
  841821-
  841840800 9

  845011,          Тұрмыстық кір жуатын машиналар
  845012000 0

  8508             Шаңсорғыштар

  8519 30 000 0    Электрлі ойнайтын құрылғылар (декалар)

  852871           Теледидарлық байланыс үшін түсті, қара-ақ және
                   басқа да монохромды бейнелік қабылдағыш аппара-
                   тура

  9503 00          Ағаш, пластмасса, электрлендірілген және металл,
                   өзге ойыншықтар
___________________________________________________________________