Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657
қаулысымен
.
Акциздік маркалардың қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: <*>
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен
.
1. Қоса беріліп отырған Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібі бекітілсін. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657
қаулысымен
.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушылардың назарына!
Ескерту. 2002 жылғы 1 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 2001.11.08. N 1421
қаулысымен
мынадай өзгерістер енгізілуі
қажет:
"2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.".
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік
маркалармен таңбалаудың тәртібі
Ескерту. Тақырыбы мен мәтініндегі "акциздiк алым маркаларымен", "акциз алымы маркаларымен", "акциздiк алым маркаларының", "акциздік алым маркаларын", "акциз алымы маркасының", "акциз алымының маркасы", "акциз алымы маркасын" деген сөздер "акциздік маркалармен", "акциздiк маркалардың", "акциздiк маркаларды" "акциздiк марканың", "акциздiк марка", "акциздiк марканы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657 қаулысымен .
1. <*>
Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен
.
2. Мыналар:
нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнiмi (шарап материалын және сыраны қоспағанда);
темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары). <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N
1040
, 2002.11.14. N
1207
, 2004.06.15. N
657
, 2005.05.23. N
495
қаулыларымен.
3. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге акциздік марканы желімдеуді өндіріс процесінде не таңбалау үшін белгіленген технология бойынша өзінің аумағында басқа оқшау жерде жүргізеді.
4. Еркін айналысқа арналған тауарларды шығарудың кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен таңбалау, заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде жүзеге асырылады.
4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетін тауарларды акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N
495
қаулыларымен.
5. Акциздік маркалармен міндетті таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар акциздік маркалардың белгіленген түрлерімен және/немесе сыйымдылықпен таңбаланады.
Мыналарға акциздiк маркалардың:
алкоголь өнiмдерiне - жетi таңбалы баспаханалық нөмiрлеуi болады, түстерi бойынша ажыратылады және бес түрге бөлiнедi: арақ, күштi алкогольдi iшiмдiктер, әлсiз алкогольдi iшiмдiктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрi - сыйымдылық) қарай: 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлiнедi; <*>
темекi бұйымдарына - екi таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады. <*>
Алкоголь өнiмдерiн таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
------------------------------------------------------------------
Марканың түрі ! Өнiмнiң атауы
------------------------------------------------------------------
арақ арақ және ерекше арақтар
күштi алкогольді сусындар күшейтiлген ликер-арақ бұйымдары
және этил спиртiнiң көлемдi үлесi
30 % және одан көп өзге күштi
алкогольді iшiмдіктер
әлсiз алкогольді сусындар шарап сусындары, әлсiз градусты
ликер-арақ бұйымдары және этил
спиртінiң көлемдi үлесi 30 %-тен
аз өзге әлсiз алкогольдi
iшiмдiктер
шарап шараптар, шампан
коньяк коньяк, бренди
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N
1207
, 2004.06.15. N
657
қаулыларымен.
6. Мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқарыға экспортталатын;
Қазақстан Республикасының аумағына "бажсыз сауда жасайтын дүкен", "кеден қоймасы" кеден режимдерінде әкелінетін;
жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн;
Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар транзиті кеден режимінде өтетін;
Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акцизсіз әкелу нормасының шектерінде жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) акцизделетін тауарлар акциздік маркалармен міндетті таңбалануға жатпайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N
657
, 2005.05.23. N
495
қаулыларымен.
7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, кеден режимдерінде ресімделген және акциздік маркалармен таңбалауды көздемейтін акцизделетін тауарлар, Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылуы жағдайында бажсыз сауда жасайтын дүкендерден басқа, заңдарда белгіленген тәртіппен акцизді төлей отырып, акциздік маркалармен міндетті таңбалануға жатады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N
495
қаулыларымен.
8. Таңбаланбаған тәркіленген және мемлекеттің пайдасына бас тарту режимінде ресімделген, сапасы бойынша ГОСТ-қа сәйкес келетін алкоголь өнімі, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның таңбалауына жатады.
9. Темекі бұйымдарына акциздік маркаларды желімдеудің тәртібі.
Қораптың аузын ашқан кезде акциз таңбасы бүлінуі тиіс.
Акциз таңбасы былайша орналастырылады:
1) жұмсақ қораптағы мәтін немесе үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы тиіс және орталықта орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс;
2) қайырма қақпақты қораптағы марка артқы бетінде орналасуы және бұрышын жауып, қораптың бүйір бетіне өтуі тиіс. Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс.
10. Алкоголь өніміне арналған акциздік марканы желімдеудің тәртібі:
1) Акциздік марка шөлмектегi (шыны, хрусталь, фарфор, керамика және т.б) аузына жақсы жабысып және оның аузын ашқан кезде бүлiнетiндей болып, ыдыстың тығындық қалпақшаларының (немесе полиэтилен тығындарының) үстiне желiмделедi. Желiмделген акциз таңбасының үстiне мөлдiр материалдан жасалғандарды (термоқалпақшаларды) қоспағанда, қандай да бiр болмасын капсулды қолдануға тыйым салынады.
2) "Тетра Пак" үлгiсiндегi қорапқа акциздік марка жоғарғы бiрiктiрме тiгiсiнiң ұзына бойына қораптың үстiн жаба отырып желiмделедi және орталығында орналасуы тиiс (қораптың алдыңғы және артқы қабырғасынан, оң және сол шетiнен бiрдей арақашықтықта).
11. Акциз маркаларын желiмдеу кезiнде марканы тауардан бүлдiрмей алуға мүмкiндiк бермейтiн желiм пайдаланылуы тиiс.
Акциздік марканы желiмдеуге арналған желiм оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшiн жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлi деңгейлерiне төзiмдi болуы және акциздік марканы қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуi тиiс.