Акциздік алым маркаларының қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым маркаларымен таңбалаудың тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушылардың назарына!
ЕСКЕРТУ. 2002 жылғы 1 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 2001.11.08. N 1421
қаулысымен
мынадай өзгерістер енгізілуі
қажет:
"2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.".
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік
алым маркаларымен таңбалаудың тәртібі
1. <*>
Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен.
2. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым маркаларымен таңбалаудың тәртібі
2. Мыналар:
нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлерi мен алкоголь өнiмдерi; <*>
темекі бұйымдары (отандық өндірістің темекі бұйымдары: фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда).
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1040
қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен.
3. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге акциз маркаларын желімдеуді өндіріс процесінде не таңбалау үшін белгіленген технология бойынша өзінің аумағында басқа оқшау жерде жүргізеді.
4. Еркін айналысқа арналған тауарларды шығарудың кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларды акциз алымының маркаларымен таңбалау, заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде жүзеге асырылады.
5. Акциз алымы маркаларымен міндетті таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар акциз алымы маркаларының белгіленген түрлерімен және/немесе сыйымдылықпен таңбаланады.
Мыналарға акциздiк алым маркаларының:
алкоголь өнiмдерiне - жетi таңбалы баспаханалық нөмiрлеуi болады, түстерi бойынша ажыратылады және алты түрге бөлiнедi: спирт, арақ, күштi алкогольдi iшiмдiктер, әлсiз алкогольдi iшiмдiктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрi - сыйымдылық) қарай: 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлiнедi;
темекi өнiмдерiне - екi таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.
Алкоголь өнiмдерiн таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
------------------------------------------------------------------
Марканың түрі ! Өнiмнiң атауы
------------------------------------------------------------------
спирт спирттің барлық түрлерi
арақ арақ және ерекше арақтар
күштi алкогольді сусындар күшейтiлген ликер-арақ бұйымдары
және этил спиртiнiң көлемдi үлесi
30 % және одан көп өзге күштi
алкогольді iшiмдіктер
әлсiз алкогольді сусындар шарап сусындары, әлсiз градусты
ликер-арақ бұйымдары және этил
спиртінiң көлемдi үлесi 30 %-тен
аз өзге әлсiз алкогольдi
iшiмдiктер
шарап шараптар, шампан
коньяк коньяк, бренди
Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207
қаулысымен.
6. Мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқарыға экспортталатын;
Қазақстан Республикасының аумағына "бажсыз сауда жасайтын дүкен", "кеден қоймасы" кеден режимдерінде әкелінетін;
Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің рұқсаты болғанда көрмелер өткізу үшін әкелінетін алкоголь өнімі;
Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауар транзитінің кеден режимінде өтетін;
Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акцизсіз әкелу нормасының шектерінде жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) акцизделетін тауарлар акциз алымы маркаларымен міндетті таңбалануға жатпайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, кеден режимдерінде ресімделген және акциз алымы маркаларымен таңбалауды көздемейтін акцизделетін тауарлар, Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылуы жағдайында бажсыз сауда жасайтын дүкендерден басқа, заңдарда белгіленген тәртіппен акциз салығын төлей отырып, акциз алымы маркаларымен міндетті таңбалануға жатады.
8. Таңбаланбаған тәркіленген және мемлекеттің пайдасына бас тарту режимінде ресімделген, сапасы бойынша ГОСТ-қа сәйкес келетін алкоголь өнімі, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның таңбалауына жатады.
3. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне
акциздік алым маркаларын желімдеудің тәртібі
9. Темекі бұйымдарына акциздік алым маркаларын желімдеудің тәртібі.
Қораптың аузын ашқан кезде акциз таңбасы бүлінуі тиіс.
Акциз таңбасы былайша орналастырылады:
1) жұмсақ қораптағы мәтін немесе үстіңгі бетін жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы тиіс және орталықта орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз маркасының үстінен жүргізілуі тиіс;
2) қайырма қақпақты қораптағы марка артқы бетінде орналасуы және бұрышын жауып, қораптың бүйір бетіне өтуі тиіс. Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз алымы маркасының үстінен жүргізілуі тиіс.
10. Алкоголь өніміне арналған акциз маркасын желімдеудің тәртібі:
1) Акциз алымының маркасы шөлмектегi (шыны, хрусталь, фарфор, керамика және т.б) аузына жақсы жабысып және оның аузын ашқан кезде бүлiнетiндей болып, ыдыстың тығындық қалпақшаларының (немесе полиэтилен тығындарының) үстiне желiмделедi. Желiмделген акциз таңбасының үстiне мөлдiр материалдан жасалғандарды (термоқалпақшаларды) қоспағанда, қандай да бiр болмасын капсулды қолдануға тыйым салынады.
2) "Тетра Пак" үлгiсiндегi қорапқа акциз алымының маркасы жоғарғы бiрiктiрме тiгiсiнiң ұзына бойына қораптың үстiн жаба отырып желiмделедi және орталығында орналасуы тиiс (қораптың алдыңғы және артқы қабырғасынан, оң және сол шетiнен бiрдей арақашықтықта).
11. Акциз маркаларын желiмдеу кезiнде марканы тауардан бүлдiрмей алуға мүмкiндiк бермейтiн желiм пайдаланылуы тиiс.
Акциз алымы маркаларын желiмдеуге арналған желiм оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшiн жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлi деңгейлерiне төзiмдi болуы және акциз алымы маркасын қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуi тиiс.