Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 20 шілдедегі N 630 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 шілде N 1052

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 N990005_ өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi мен шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегі N 630 P930630_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 352-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi туралы ережеде:
      5-тармақтағы "ұйымдардың басшылары" деген сөздерден кейiн

"мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iссапарларды 
қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. "Лауазымды тұлғаларды мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен 
шетелге iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдерi 
бойынша жүзеге асырылады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 

    Оқығандар:
   Орынбекова Д.
   Кобдалиева Н.