Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5
өкiмiне
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi мен шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегі N 630
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 352-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi туралы ережеде:
5-тармақтағы "ұйымдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iссапарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Лауазымды тұлғаларды мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен шетелге iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдерi бойынша жүзеге асырылады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі