Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 1 ақпан N 5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.08.19 N 37/4 Шешімімен

      Бiрқатар жергiлiктi маңызды жалпы пайдалану автомобиль жолдарының Республикалық Маңызды жолдар разрядына ауыстырылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы жол қорының мәселелерi" 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 623 Қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес:
      1. Жергiлiктi маңызды жалпы пайдалану автомобиль жолдары тiзiмiнен Көкшетау-Омбы, Петропавл-Ишим жолдары, "Петропавл" әуежайына кiреберiс Республикалық маңызды жолдар разрядына ауыстырылуына байланысты шығарылып тасталсын.
      2. "Петропавлавтодор" КК директоры (Долгих Г.В.) жергiлiктi маңызды жалпы пайдалану автомобиль жолдарының облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 30 қаңтардағы ХV сессиясы бекiткен N 15/4 тiзiмiне өзгерiстердi енгiзетiн болсын.

      Облыстық мәслихаттың ХХ                    Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы