Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 930

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылымы бекітілсін;
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi" осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бекiтiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.15. N 1127 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депаратментінің мүліктік және өзге де құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін және оның аумақтық органдарын көздесін.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53, 487-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1135 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 365-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
1999 жылғы 5 шілдедегі    
N 930 қаулысымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегіндегі ведомство, Қазақстан Республикасының республикалық мемлекеттік меншігіне иелік ету, пайдалану және билік ету саласынадағы арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыратын, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіппен республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына есеп жүргізу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады.

      2. Комитеттiң өзiнiң мынадай аумақтық органдары бар:
      мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерi; <*>
      мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру аймақтық комитеттерi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.15. N 1127 қаулысымен .

      3. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атаулары мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      Комитеттің, егер ол осыған заңдарға сәйкес уәкілеттенсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.

      6. Комитеттің құрылымын, сондай-ақ штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/Абай даңғылы, 52.<*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.18. N 1084 қаулысымен .

      8. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекеме.

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке өзінің бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
      Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      11. Комитеттің негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) республикалық мемлекеттік меншік мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру және оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен жиынтық есепті және республикалық және коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      4) республикалық мемлекеттік меншікті сатып алу-сату шарттарын, сенімді басқару, мүлікті жалға беру, лизинг және өз құзыретінің шегінде республикалық мемлекеттік меншікті пайдалануға байланысты өзге шарттар талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттің мүддесінде үшін республикалық мемлекеттік меншікті басқару;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі объектілерін сатуды ұйымдастыру;
      7) Комитеттің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жекешелендіру туралы заңдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, оның қолданылу практикасына талдау жасау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу; <*>
      8) Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу; <*>
      9) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылау болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.03. N 491 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1113 қаулысымен.

      12. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігін басқару және жекешелендіру саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысуды;
      2) жиынтық есепті және заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық және коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруды;
      3) өз құзыретінің шегінде республикалық меншік объектілеріне иелік ету, пайдалану және билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруды;
      3-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн жекелеген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсi; <*>
      4) мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды;
      5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік меншіктің ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес объектілерін, оның ішінде құрылысы аяқталмаған объектілерді жекешелендіру кезінде заңды және жеке тұлғаларға жерді пайдалану не жер учаскерлерін жалдау құқығын ұсынуға не беруге байланысты мәселелерді шешуге қатысуды;
      6) <*>
      7) өз құзыретінің шегінде республикалық мемлекеттік меншіктің объектілерін жекешелендірудің нақты түрлері мен әдістерін анықтауды;
      8) мемлекеттік меншік объектілерін сатуды ұйымдастыруды;
      9) республикалық мемлекеттік меншіктің жекешелендіруге жататын объектілерін сату алдындағы дайындауды, оның ішінде құнын сараптау мен бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
      10) сатып алушылардың мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша тексерулерді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде өзге де келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын тексеруді жүзеге асыруды;
      11) <*>
      12) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тысқары жерлерде республикалық мемлекеттік мүліктің сақталуы мен пайдаланылуы мәселесі бойынша тексерулерді жүзеге асыруды;
      13) мемлекеттік меншік объектілері мен жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу және мониторинг субъектілері мен қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіруді; <*>
      14) қажет болған жағдайда, Комитеттің қызметіне байланысты жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды, аудиторларды және консультанттарды тартуды;
      15) мемлекеттік меншікті пайдалану мен жекешелендірудің тәртібі туралы заңдардың қолданылу тәжірибесін талдауды және қорытуды, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді, мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану және билік ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды;
      16) өз құзыретінің шегінде заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруды;
      17) республикалық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың заңдарға сәйкес өздеріне берілген республикалық мемлекеттік меншікті басқару және иелік ету мәселелері жөніндегі қызметіне қатысуды; <*>
      18) жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді жүзеге асыруды;
      19) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыруды;
      20) халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысу және оларға шетелдік заңды тұлғалармен бірге қол қоюды (жасауды);
      21) республикалық мемлекеттік меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруді;
      22) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.03. N 491 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1113 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.29. N 1212 қаулысымен .

      13. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өз фукцияларын жүзеге асыру үшін заңдарды белгіленген тәртіппен:
      1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға, әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге және бекітуге; <*>
      2) мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламаларын іске асыруға;
      3) заңдарға сәйкес мемлекеттік меншікті сату жөніндегі сауда-саттықтарды өткізуге;
      4) өз құзыретінің шегінде банкроттықтың алдын алу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды санациялау және қайта құрылымдау жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
      5) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату немесе кепілге беру, жалға, лизингке, сенімді басқаруға бері кезінде заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға және өзара міндеттемелердің шарттары мен сипаттарын айқындауға;
      5-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға; <*>
      6) өз құзыретінің шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      7) өз құзыретінің шегінде республикалық мемлекеттік меншіктегі жекешелендірілетін объектілерді сату алдындағы дайындауға, аукциондар, тендерлер ұйымдастыру мен өткізуге, жекешелендіру кезінде бақылау жұргізуге, Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және жекешелендiрiлген ұйымдарды тиiмдi басқарудың мониторингiн жүргiзуге, республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен шарттық негізде сарапшы және кеңесші ретінде заңды және жеке тұлғаларды тартуға арналған шығыстарды қаржыландыру үшін қаражат пайдалануға; <*>
      8) өз құзыретінің шегінде акциялары мен үлестері республикалық мемлекеттік меншіктегі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер органдарының қарауына олардың лауазымды тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;
      9) республикалық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың өздеріне заңдарға сәйкес берілген республикалық мемлекеттік меншікті басқару мәселелері жөніндегі қызметіне қатысуға; <*>
      10) орталық және жергілікті атқарушы және өкілді органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан қажетті қаржылық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік меншікті және жекешелендірілген ұйымдардың меншігін пайдалануға байланысты мәселелер жөніндегі ақпараттар сұратуға және алуға; <*>
      11) заңдармен белгіленген тәртіппен мемлекеттің қатысуымен ұйымдарда тиісті бухгалтерлік және өзге де қаржылық құжаттамаларды және материалдық құндылықтардың іс жүзінде бар болуын тексеруге, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан және басқа қызметкерлерінен тексерістер мен тексерулер жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсіндіру алуға;
      12) анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою, келтірілген зияндардың орнын толтыру жөнінде заңдарда белгіленген шаралар қабылдауға;
      13) анықталған тәртіп бұзу, мемлекет меншігін талан-таражға салу және мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты өзге құқық бұзу фактілері бойынша материалдарды тергеу органдарына жолдауға;
      14) келісім бойынша мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар және жекешелендірілген объектілер жүргізетін тексерулерге, мониторингке мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға; <*>
      15) Комитет құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңдардың атқарылуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыруға;
      16) консалтингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
      17) өз құзыретінің шегіндегі проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және үйлестіруге;
      18) аумақтық органдар туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпоырндардың жарғыларын бекітуге;
      19) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.03. N 491 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1113 қаулысымен .

3. Комитеттің мүлкі

      14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.

      15. Комитетке бекітілген мүлік республикалық мемлекеттік меншікке жатады.

      16. Комитеттің өзіне берілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет Төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      18. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларының жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.

      19. Осы мақсаттарда Төраға:
      1) өз орынбасаларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекіткен лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Комитет аумақтық органдардың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
      6) бекітілген құрылым мен санның шегінде штаттық кестені бекітеді;
      7) заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
      8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Төраға болмаған кезде оның міндетін Комитеттің қызметін үйлестіретін, өзіне Төраға жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыратын орынбасарларының бірі атқарады.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.    

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
1999 жылғы 5 шілдедегі    
N 930 қаулысымен бекітілген <*>

      ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1113 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
Құрылымы  <*>

      Басшылық
      Республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату басқармасы
      Жекешелендiруден кейiнгi бақылау басқармасы
      Мемлекеттiк меншiктi басқару әдiснамасы және оны жетiлдіру басқармасы
      Мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
      Республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
      Заң басқармасы
      Ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы
      Республикалық бюджеттiң кiрiсiне ақшаның түсуiн бақылау бөлiмi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
1999 жылғы 5 шiлдедегi   
N 930 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi  <*>

      1. Астана қаласы мемлекеттiк Мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      2. Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      3. Алматы қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      4. Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      5. Ақтөбе мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      6. Атырау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      7. Байқоңыр мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      8. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      9. Жамбыл мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      10. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      11. Қарағанды мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      12. Қызылорда мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      13. Қостанай мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      14. Маңғыстау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      15. Павлодар мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      16. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      17. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      18. Арқалық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      19. Жезқазған мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      20. Жетiсу мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеті
      21. Семей мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi.