Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 және 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1084 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387  (қолданысқа енгізілу тәртібін  10-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 
      1)  <*>
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:
     7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "7. Комитеттің заңды мекен-жайы:
     473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.".
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1129  қаулысымен.  
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі