Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 930

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) <*>
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бекiтiлсiн. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 3)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.15. N 1127  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1),2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1114  қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депаратментінің мүліктік және өзге де құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып белгіленсін. 

      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін және оның аумақтық органдарын көздесін. 

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53, 487-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1135  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 365-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
1999 жылғы 5 шiлдедегi    
N 930 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi  <*>

      1. Астана қаласы мемлекеттiк Мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      2. Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      3. Алматы қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      4. Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      5. Ақтөбе мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      6. Атырау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      7. Байқоңыр мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      8. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      9. Жамбыл мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      10. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      11. Қарағанды мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      12. Қызылорда мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      13. Қостанай мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      14. Маңғыстау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      15. Павлодар мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      16. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      17. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      18. Арқалық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      19. Жезқазған мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      20. Жетiсу мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеті
      21. Семей мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi.