1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 P961621_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) атауында және мәтінінде:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың үшінші абзацы "тасымалдаумен" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
атауында:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
мәтінінде:
"Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің", "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көлік, инспекциясы", "Көлік инспекциясының" деген сөздер "Көліктік бақылау комитеті", "Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады";
3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрі - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 6-тармақта: екінші және үшінші абзацтар "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; төртінші абзацтағы "бір мезгілде" деген сөз алынып тасталсын, "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары көрсетіледі:"; он екінші абзац алынып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейін енгізеді. Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленеді"; 9-тармақта: б) тармақшасындағы "және әрбір көлік бірлігі үшін құжатқа ақы төленгенін" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын: "ж) автокөлік құралдарының жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберілгені туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі";
10-тармақтың бірінші абзацы "30 күннен" деген сөздерден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы "әрбір көлік құралына" және "немесе құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын.
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді
автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында: атауында: "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілер мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:"; алтыншы абзацтағы "және коммуникациялар" деген сөздер "коммуникациялар және туризм" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.