Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 желтоқсан N 1621.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.19. N 29 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми орталығы туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 мамырдағы N 445 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 241-бап) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1668 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 759 қаулысымен.
      2. Күші жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 760 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының биотехнология жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 қарашадағы N 1140 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 527-құжат) 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн".

      4. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1299 қаулысымен.
      5. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 873 қаулысымен.