Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбындағы "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейiн  "есептеудiң," деген сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, 

ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін. 
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671   қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 наурыздағы    
N 245 қаулысымен  
бекітілген     

  Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап
қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы
қорларына аударудың
Ережесі

       Ескерту. Тақырыбындағы "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейiн "есептеудiң," деген сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.   
      2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшiрмесiнiң негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
      Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) әлеуметтік төлемдер алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010   қаулысымен , тармақ жаңа редакцияда - 2001.12.22. N 1671  қаулысымен , өзгеріс енгізілді - 2003.06.11. N 561  қаулысымен , 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
       3-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына: 
      заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерден басқа) және жеке кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төлейтін табысынан - кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың он бесі күнінен кешiктiрмейтiн мерзiмде; 
      жеке кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына - есептiден кейiнгi айдың он бесі күнінен кешiктiрмейтiн мерзiмде; 
      заңды тұлғалар - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары - Салық кодексiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде; 
      арнаулы салық режимiн жеңiлдетiлген декларация негiзiнде қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде; 
      арнаулы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер, - Салық кодексiнде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
      Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлеуге мiндетті. 
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен , өзгеріс енгізілді - 2003.06.11. N 561  қаулысымен , 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз). 
      4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агент жүргізеді.
      Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады. 
       Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен 
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртiбi

      ЕСКЕРТУ. Тараудың атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.

      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
      заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар - материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс;
      жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес. 
      Орталық - еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 185  қаулысымен , 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
       5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11) (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа), 15), 16), 17), 20, 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, І және ІІ топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 185  қаулысымен , 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      6. <*>
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргізіледі.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 659  қаулысымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      8. Жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына түскен күннен бастап, үш банктік күннің ішінде, солардың міндетті зейнетақы жарналары пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса, форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. <*>
      Атына жарналар аударылатын жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi мен атауы сәйкес келмеген және/немесе форматы MT-102 тiзiмде көрсетiлген салымшының тiркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде зейнетақы жарналары агенттiң шотына қайтарылады.
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      9. Заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады. 
      Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады. 
      Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. 
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі.
      Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында "Төлемнiң мақсаты" деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген "ММГГГГ" жеке жиегiнде көрсетедi. 
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      10. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. 
      Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өзiнiң пайдасына, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн  мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады.
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561    қаулысымен.
      11. <*>
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
       Ескерту. 11-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталық арқылы аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. <*>
      Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Ереженің 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.       
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен ,  2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

3. Агенттердiң, салымшылардың (алушылардың) және жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде қателер байқалған жағдайдағы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi

      13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi.
      14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) Орталық мемлекеттiк мұрағатқа, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған мұрағаттық төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жібередi.
      15. Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын есептеу кезiнде, төлем тапсырмаларында, жеке тұлғалардың тiзiмiнде қателер байқалған жағдайда, сондай-ақ салымшының (алушының) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының қателер байқалғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн, агент үш банктiк күн iшiнде тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына қателердiң түзетiлуi туралы өтiнiшпен жүгiнуi тиiс. Өтiнiшке осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама және салымшының (алушының) өтiнiшi қоса беріледi.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын агенттер, анықтама-растамаға банктік түбiртектердiң көшiрмесiн қоса бередi.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      16. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), агенттiң банктік шоты, төлем құжаттарының көшiрмелерi, қате жiберiлген жеке тұлғалардың тiзiмдерi, басқа жинақтаушы зейнетақы қорына арналған мiндетті зейнетақы жарналарының сомалары есептелген жағдайда - зейнетақы шартының көшiрмесi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiшке басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөрмен расталған болуы тиiс.
      17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiшi негiзiнде он банктік күн iшiнде өтінiште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) әлеуметтiк жеке кодында, тегiнде, атында, әкесiнiң атында ауытқушылық болған жағдайда дерекқорға өзгерiстер енгiзедi, бiр салымшының (алушының) бiрнеше жеке шоттары болған кезде оларды бiрiктiредi.
      18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер мен ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
      19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс.
      20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын Орталықтың банктiк шоты арқылы, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "032".
      21. Агент салық салуға жатпайтын жекелеген төлем түрлерiн салымшының (алушының) кiрiсiне енгiзуге байланысты артық есептелген және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын келесi аударымдарды реттеу жолымен түзетедi.
      22. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алғаннан кейiн ақша түскен күннен бастап үш банктік күн iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды жүргiзедi.
      23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс. 
      Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

  4. Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы
зейнетақы қорларына уақытылы аудармағаны
үшін өсімақы төлеудің тәртібі

      24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс.
      Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      25. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмағаны (қоса есептемегенi) және аудармағаны үшiн өсімақы төлеудi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "019". <*>
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      26. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. агент банкке "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және тағайындау кодын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының пайдасына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады. 
      Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Ереженің 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас. 
      Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі. 
       ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің  1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
      27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Ережелердің 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады. 
      28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Ереженің 9- тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі. 
      Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі. 
      29. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 29-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
      30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және "019" - төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, Орталық арқылы форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына өсімақы аударады. 
      31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi.
      Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, "жарна сомасы" бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi. <*>
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының  сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы зейнетақы шарттарының негізіне сәйкес жүзеге асырылады. 
      33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді. 
      34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі. 

  5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына
бақылау жасау

      35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 35-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561    қаулысымен.
      35-1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде, салық органдары агенттерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны жібереді.
      Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
      осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
      әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін ұсынады.
      Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
       Ескерту. 35-1-тармақ жаңа редакцияда - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы түпкі алушы ретінде бенефициарды - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретінде Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
      Агенттің банктік шотына теңгемен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгемен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
       Ескерту. 35-2-тармақ жаңа редакцияда - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі мемлекет алдындағы салық міндеттерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 35-2-тармақ жаңа редакцияда - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
       35-4. Агентте банктік шот болмаған жағдайда салық органы өндіріп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.
       Ескерту. 35-4-тармақпен толықтырылды - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      35-5. Салық органының бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша (оның ішінде шетелдік валютада) көрсетілген қолма-қол ақшаны агенттен алып қоюы міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
       Ескерту. 35-5-тармақпен толықтырылды - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      35-6. Қолма-қол ақшаны алып қою мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
      Алып қою туралы акті ресімделген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде агент салық органы алып қойған қолма-қол ақша сомасының шегінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен салық органына ұсынады.
      Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шот ашпастан төлеген кезде банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
       Ескерту. 35-6-тармақпен толықтырылды - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кейіннен тиісті жинақтаушы зейнетақы  қорларына аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға жатады.
       Ескерту. 35-7-тармақпен толықтырылды - 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады. 
      Мыналар жеке ұсынылады:
      жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және/немесе жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
      Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.
       ЕСКЕРТУ. 36-тармақ жаңа редакцияда, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен 2003.06.11. N 561   қаулысымен , 2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

  6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөнiндегi құжаттарды сақтаудың тәртiбi

      37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
      Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.
       Ескерту. 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561    қаулысымен.

                                     Міндетті зейнетақы жарналарын
                                    есептеудің, ұстап қалудың (қоса
                                      есептеудің) және жинақтаушы
                                           зейнетақы қорларына
                                          аударудың ережесіне
                                                1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2005.06.30. N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан қараңыз).

                   Растау анықтамасы
                __________________________________
                       (төлеушінің атауы)
     міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшы
    деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер
                         кеткенін растайды:

Төлем
тапсыр-
масының
N

Төлем
тапсыр-
масының 
күні

Төлем
тапсыр-
масының
жалпы
сомасы

Салымшының
жеке сомасы

Т.А.Ә және туған күні
(салымшының
дұрыс емес
деректе-
мелері)

  

  

  

  

  

Жарамды деп есептелсін
ӘЖК_____________________
Т.А.Ә_____________________
Туған күні_____________________
Бірінші басшы _____________________ (Т.А.Ә)
                   (қолы)
Бас бухгалтер _____________________ (Т.А.Ә)
                   (қолы)
Мөр орны

                                     Міндетті зейнетақы жарналарын
                                    есептеудің, ұстап қалудың (қоса
                                      есептеудің) және жинақтаушы
                                           зейнетақы қорларына
                                          аударудың ережесіне
                                                2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.30.
N 659  қаулысымен  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
      міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
                         ХАБАРЛАМА

20__ж. "___" ________                       N_________

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының   22-4-бабына  сәйкес_________________
                                                (облыс, қала, аудан)
__________ бойынша Салық комитеті
          
Сізді_______________________________________________________________
    (агенттің толық атауы немесе Т.А.Ә., СТН-і, мекен-жайы)
20__ж.____ __________________жағдай бойынша_________________________
____________________________________________________________________
                   (санмен және жазумен)
мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарна.
лары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.
      Осыған байланысты Сіз_________________________________________
                                (облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша
берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
тізімдерін және әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің
жалпы сомасын көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін
табыс етуіңіз қажет.
      Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп
алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының
тізімдері табыс етілмеген жағдайда__________________________________
                                        (облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің банк шотындағы (тарындағы) барлық
шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Банктік шоттар болмаған жағдайда______________________________
                                         (облыс, қала, аудан)
бойынша Салық комитеті агенттің қолма-қол ақшасын өндіріп алатын
болады.
      Бұл ретте Сізге аталған Заңның  22-4-бабында  белгіленген
тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
      Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  сәйкес әкімшілік жаза
шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға
құқығыңыз бар.

Салық комитетінің төрағасы__________________________________
                                  (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым___________________________________________
                    (агенттің Т.А.Ә., қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды________________________________
                             (салық қызметі органының
___________________________________________________________________
 лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы (мөрі), күні)
Хабарлама агентке жіберілді________________________________________
                            (жіберу және алу фактісі туралы
                                   растаушы құжат)

 

 Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
1999 ж. 15 наурыздағы N 245
қаулысымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733  қаулысы.  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 1997 ж., N 53, 485-құжат)
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 30  қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 201  қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1313  қаулысының  1-тармағы.