Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбындағы "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейiн  "есептеудiң," деген сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің,

ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 наурыздағы   
N 245 қаулысымен 
бекітілген    

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап
қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы
қорларына аударудың
Ережесі

      Ескерту. Тақырыбындағы "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейiн "есептеудiң," деген сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінің        2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.  
      2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671  қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшiрмесiнiң негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
      Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010  қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
       3-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерден басқа) және жеке кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төлейтін табысынан - кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
      жеке кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына - есептiден кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
      заңды тұлғалар - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары - Салық кодексiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
      арнаулы салық режимiн жеңiлдетiлген декларация негiзiнде қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;
      арнаулы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер, - Салық кодексiнде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде төлеуге мiндетті.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 3-1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агентт жүргізеді.
      Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады.
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртiбi

     ЕСКЕРТУ. Тараудың атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.

      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
      заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар - материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс;
      жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.  
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 185 қаулысымен .
      5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 185 қаулысымен .
      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      7. Мiндетті зейнетақы жарналарын, оның iшiнде берешектi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас Алматы филиалында ашылған N 413609816, МФО 190501109, тағайындау коды "010" банктік шоты арқылы жүргізіледі.
      8. Жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына түскен күннен бастап, үш банктік күннің ішінде, солардың міндетті зейнетақы жарналары пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса, форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. <*>
      Атына жарналар аударылатын жинақтаушы зейнетақы қорының деректемелерi мен атауы сәйкес келмеген және/немесе форматы MT-102 тiзiмде көрсетiлген салымшының тiркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде зейнетақы жарналары агенттiң шотына қайтарылады.
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      9. Заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады.
      Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.
      Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі.
      Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында "Төлемнiң мақсаты" деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген "ММГГГГ" жеке жиегiнде көрсетедi.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      10. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өзiнiң пайдасына, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн  мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      11. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталық арқылы аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы төлем жүйесiндегi жұмыстар үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. <*>
      Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Ереженің 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

3. Агенттердiң, салымшылардың (алушылардың) және жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде қателер байқалған жағдайдағы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi

      13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi.
      14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) Орталық мемлекеттiк мұрағатқа, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған мұрағаттық төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жібередi.
      15. Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын есептеу кезiнде, төлем тапсырмаларында, жеке тұлғалардың тiзiмiнде қателер байқалған жағдайда, сондай-ақ салымшының (алушының) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының қателер байқалғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн, агент үш банктiк күн iшiнде тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына қателердiң түзетiлуi туралы өтiнiшпен жүгiнуi тиiс. Өтiнiшке осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама және салымшының (алушының) өтiнiшi қоса беріледi.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын агенттер, анықтама-растамаға банктік түбiртектердiң көшiрмесiн қоса бередi.
      16. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), агенттiң банктік шоты, төлем құжаттарының көшiрмелерi, қате жiберiлген жеке тұлғалардың тiзiмдерi, басқа жинақтаушы зейнетақы қорына арналған мiндетті зейнетақы жарналарының сомалары есептелген жағдайда - зейнетақы шартының көшiрмесi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiшке басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөрмен расталған болуы тиiс.
      17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердiң немесе салымшылардың (алушылардың) өтiнiшi негiзiнде он банктік күн iшiнде өтінiште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсiмiн тексередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) әлеуметтiк жеке кодында, тегiнде, атында, әкесiнiң атында ауытқушылық болған жағдайда дерекқорға өзгерiстер енгiзедi, бiр салымшының (алушының) бiрнеше жеке шоттары болған кезде оларды бiрiктiредi.
      18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер мен ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
      19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс.
      20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын Орталықтың банктiк шоты арқылы, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "032".
      21. Агент салық салуға жатпайтын жекелеген төлем түрлерiн салымшының (алушының) кiрiсiне енгiзуге байланысты артық есептелген және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын келесi аударымдарды реттеу жолымен түзетедi.
      22. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алғаннан кейiн ақша түскен күннен бастап үш банктік күн iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды жүргiзедi.
      23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс.
      Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.

4. Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы
зейнетақы қорларына уақытылы аудармағаны
үшін өсімақы төлеудің тәртібі

      24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс.
      Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады.
      Ескерту. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      25. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмағаны (қоса есептемегенi) және аудармағаны үшiн өсімақы төлеудi зейнетақы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына Орталықтың банктік шоты арқылы жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "019". <*>
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
 
      26. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. агент банкке "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және тағайындау кодын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының пайдасына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады.
      Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Ереженің 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
      Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.
      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің  1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Ережелердің 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады.
      28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Ереженің 9- тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі.
      Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі.
      29. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде "төлем тағайындамасы" бағанында - "кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы" деп және "019" - төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, Орталық арқылы форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына өсімақы аударады.
      31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi.
      Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, "жарна сомасы" бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi. <*>
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561  қаулысымен.
      32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының  сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы зейнетақы шарттарының негізіне сәйкес жүзеге асырылады.
      33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді.
      34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі.

5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына
бақылау жасау

      35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 35-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.
      35-1. Мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде салық органдары хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бөлек-бөлек:
      салық органына - әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерін;
      агенттiң банкiне - әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсыну туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi. <*>
      Ескерту. 35-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 185 қаулысымен .
      35-2. Салық органы агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн алған кезде, соңғы алушы ретiнде бенефициар - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретiнде Орталықты көрсете отырып, агенттердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер ұсынады. <*>
      35-3. Агенттер салық органдары ұсынған инкассалық өкiмдер бойынша пайдасына берешек өндiрілетін жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсынбаған, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкiм шығарады. <*>
      Ескерту. 35-1, 35-2, 35-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561 қаулысымен.
      36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін агенттерді тіркеу облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
      Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгiзген, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының келiп түскен тiзiлiмдерi мен қайтарылған тiзiлiмдерi
жеке ұсынылады.
      ЕСКЕРТУ. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010 қаулысымен.
      Ескерту. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөнiндегi құжаттарды сақтаудың тәртiбi

      37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
      Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.
      Ескерту. 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
      Ескерту. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 561   қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
1999 ж. 15 наурыздағы N 245
қаулысымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысы.  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 1997 ж., N 53, 485-құжат)
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 30 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 201 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1313 қаулысының  1-тармағы.