Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төраға
Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы
Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының орынбасары, төрағаның
орынбасары
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясының төрағасы (келісім
бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары,
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі, төраға
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайырбекұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары";
Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
"Өмірбаев Әділхан - Қазақстан Республикасының
Әбдірахманұлы Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары - Атқарушы
директоры";
Александр Сергеевич Судьин, Рашид Алтайұлы Аманжолов көрсетілген құрамнан шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру комиссиясы туралы ережеде:
ІІ "Негізгі міндеттері" деген тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау;
ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру";
ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарау мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктелсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі