Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 наурыз N 187

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді 
ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 1998 жылғы 31 
желтоқсандағы N 1384  

P981384_

  қаулысына мынадай өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілсін:
     1) 1-тармақта:
     
     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы 
                                   Премьер-Министрінің бірінші 
                                   орынбасары, төраға
     
     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы 
     Қайырбекұлы                   Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары, төрағаның орынбасары
     
     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы Бағалы
                                   қағаздар жөніндегі ұлттық
                                   комиссиясының төрағасы (келісім
                                   бойынша)"
     
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                   Министрінің орынбасары,
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы министрі, төраға
     
     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы
                                   Мемлекеттік кіріс вице-министрі,
                                   төрағаның орынбасары
     
     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қайырбекұлы                   Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары";
     
     Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру 
жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
     
     "Өмірбаев Әділхан           - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахманұлы                 Мемлекеттік қызмет істері
                                   жөніндегі агенттігі төрағасының
                                   орынбасары - Атқарушы
                                   директоры";
     Александр Сергеевич Судьин, Рашид Алтайұлы Аманжолов көрсетілген 
құрамнан шығарылсын;


      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру комиссиясы туралы ережеде:
      ІІ "Негізгі міндеттері" деген тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі

проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау;
     ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін 
үйлестіру";
     ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарау мынадай 
мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
     "12. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік 
кәсіпорнына жүктелсін".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.     
 Икебаева А.