Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 23 ақпан N 156.

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті бекітілсін (қоса 
беріліп отыр).
     2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
     1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599  

P971599_

 
қаулысы;
     2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы 
N 1599 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 шілдедегі N 676  

P980676_

  қаулысы.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                             Регламенті
      
                         1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
      2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      3. Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдаулық, құқықтық, консультативтік, ұйымдастырушылық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қағаздарын жүргізу және Үкіметке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу Кеңсеге жүктеледі және Кеңсе белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметті және Премьер-Министрді білдіруді әрі олардың мүдделерін қорғауды сот дауының мәнісі болған мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
      Соттарда Үкіметі және Премьер-Министрді білдіру әрі олардың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде Премьер-Министрді білдіру, прокурорлық назар аудару актілерін қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қойылатын талап-арыздар мен талаптарға мемлекеттік органдар дайындаған жауап-пікірлер жобаларын сараптамадан өткізу жекелеген жағдайларда Премьер-Министрінің шешімі бойынша Кеңсеге жүктелуі мүмкін.
      Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін ресми түсіндіруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      6. Үкіметтің құзыретіне кіретін кадр мәселелерін шешу Республиканың заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

                      2. Жұмысты жоспарлау

      7. Үкіметтің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін Үкімет мүшелерінің, агенттіктер мен акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) төрағаларының ұсынысы бойынша кезекті тоқсанға дейін он бес күн бұрын Кеңсе жасайды. Үкіметтің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тізбесі Республика Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
      Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктер төрағаларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Кеңсе бөлімдерінің басшыларына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тізім бойынша жіберіледі.
      Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы не Кеңсенің Басшысы ұсынатын анықтаманың негізінде Республиканың Премьер-Министрі қабылдайды.

           3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін
               дайындаудың және оларды өткізудің тәртібі

      8. Үкіметтің мәжілісі кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Республиканың Премьер-Министрі не Президенті шақырады.
      9. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министрдің шешіміне және міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрді алмастырушы Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.
      Мәжілістерге Республиканың Президенті қатысқан кезде Республика Президенті төрағалық етеді.
      10. Үкіметтің мәжілістері ашық болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
      Жекелеген мәселелерді Үкімет өзінің жабық мәжілістерінде қарауы мүмкін.
      11. Үкіметтің мәжілісіне Үкімет мүшелері қатысады. Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқанда, мәжіліс заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжіліске алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Мәселенің Үкімет мәжілісінде қаралуының нәтижелері бойынша хаттамалық шешім қабылданады. Шешімдер мәжіліске қатысушы Үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
      12. Үкімет мәжілісіне Премьер-Министр бекіткен тізбе бойынша агенттіктердің төрағалары, акционерлік қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) басшылары қатысады.
      13. Үкіметтің мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерінде осындай құқық берілген лауазымды адамдардың қатысуға құқығы бар.
      Шақыру бойынша Үкімет мәжілістеріне Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсенің қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.
      14. Мемлекеттік органдардың Үкімет мәжілісінде қарауға мәселелерді дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
      Үкіметтің мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, хаттамалық шешімдердің жобаларына құжатты енгізуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын, қол қоюы мемлекеттік органның ресми позициясын растау болып табылатын адам (бұдан әрі - бірінші басшы), алдын ала виза қояды;
      хаттамалық шешімнің жобасы мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған ілеспе хатпен енгізіледі;
      жоба мен анықтама әдетте екі алшақтық арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
      әрбір мәселе бойынша жоба мен анықтаманың тақырыбы бірдей болуы тиіс;
      Үкіметтің мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
      талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін анықтауды және нақтылауды мәжілістен үш күн бұрын Кеңсемен келісе отырып, мәселені енгізіп отырған мемлекеттік орган жүзеге асырады. Шақырылғандардың келуін Кеңсе қамтамасыз етеді;
      облыстардың әкімдерін, ұйымдардың басшыларын Үкіметтің мәжілісіне шақыруды Кеңсе жүргізеді;
      Үкіметтің мәжілістерінде Президенттің төрағалығымен қаралатын жобалар, сондай-ақ қабылданған шешімдер оларға қол қояр алдында Президенттің Әкімшілігімен алдын ала келісілуге тиіс.
      15. Үкіметтің мәжілісінде қарауға, белгіленген тәртіппен дайындалған материалдар, олар қаралуы тиіс мәжіліске дейінгі бес күннен кешіктірілмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және Премьер-Министрмен не оны алмастырушы адаммен келіскеннен кейін, оны және тиісті материалдарды Үкімет мүшелеріне және шақырылған адамдарға, ал қажет болған жағдайда басқа да лауазымды адамдарға Кеңсе Басшысы бекіткен жөнелтім көрсеткішіне сәйкес жолдайды.
      Мемлекеттік органдар материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, Кеңсесінің Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы адамға баяндайды. Материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкіметтің шұғыл мәжілісі өткізілетін кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізіле алады.
      16. Үкіметтің мәжілісінде хаттама жүргізіледі, онда қатысып отырған лауазымды адамдар, талқыланып отырған мәселелердің атауы мен нысанасы, баяндамашылар мен талқылау кезінде сөйлегендер, олардың сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны және Үкімет мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Әдетте мәжілістің стенограммасы жүргізіледі, мәжілістерде қаралып отырған мәселелер магнитофон таспасына (диктофонға) жазылады.
      Хаттаманы Үкімет мәжілісі аяқталған күннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей Кеңсенің тиісті бөлімі ресімдейді, оған Кеңсенің Басшысы виза және мәжіліске төрағалық етуші қол қояды.
      Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері Үкімет мүшелеріне, ал қажет болған кезде мәжілісте тиісті тапсырма берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі. Жөнелтім тізбесі Кеңсе Басшысымен келісіледі.

     Үкімет мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ 
оларға материалдар (оның ішінде стенограммалар және диктофондық 
жазбалар) Кеңседе сақталады.
     Үкімет  мәжілістерінің хаттамаларын қажеттілігі өткеннен кейін, 
бірақ үш жылдан ерте болмайтын мерзімде Кеңсе акті бойынша жояды.
     
     4. Кірістік хат-хабарларды қарау.
        Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы
        Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі
        өкімдерінің жобаларын дайындауының және
        ресімдеуінің тәртібі
     


      17. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволар осы мемлекеттік органдар туралы ережелерде белгіленген өз құзыреттеріне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдерді дербес қабылдайды.
      Орталық атқарушы органдар өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте бірлескен шешімдер қабылдайды, олар белгіленген тәртіпте бірлескен бұйрықтармен ресімделеді.
      Бір мемлекеттік орган құзыретінің шегінде шешілетін немесе осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес шешілуі мүмкін мәселелер бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобалары ұсынылмайды.
      Үкіметтің атына ұсыныстарды (қызметтік хат-хабарды), оның тиісті шешім қабылдауы үшін, мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:
      1) мәселені шешу Үкіметтің құзыретіне кіретін кезде;
      2) орталық атқарушы органдарының арасында келіспеушілік пайда болған кезде;
      3) мәселені шешу ведомствоаралық үйлестіруді талап еткенде және/немесе үштен артық орталық атқарушы органның құзыретіне кіргенде.
      Ведомстволар Үкіметке жүгінуінің нысанасын тиісті орталық атқарушы органдардың басшылығымен келіседі. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің (ведомство болып табылмайтындарының) мемлекеттік органның атынан өз бетінше өкілдік етуге және Үкіметтің атына жүгінуге құқығы жоқ.
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
                қаулысымен. P010856_
      18. Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) әзірлеуді мемлекеттік органдар "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы Регламентке және Үкімет бекіткен Нұсқаулыққа сәйкес жай қағаз парақтарында жүзеге асырады. Жобаларды әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшысы, олардың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес болуы үшін жауап береді. <*>
      Жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бірінші басшылар немесе оларды алмастырушы адамдар қол қойып, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Жобалар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын алмастыратын адамдармен келісілген жағдайда, бірінші басшының міндеттерін атқару жоба келісілген адамға жүктелгені туралы тиісті актілердің көшірмелері жобаға міндетті түрде қоса беріледі. Келісу "ескертпелерімен" болған кезде жобаға қажетті түсіндірмелермен бірге келіспеушілік туралы анықтама қоса беріледі. Үкімет шешімнің жобасын әзірлеуге қатысушы мемлекеттік органдардың арасында келіспеушілік пайда болған кезде Премьер-Министрдің жобада қаралатын мәселелердің нысанасы құзыретіне кіретін орынбасарлары, Кеңсе Басшысы не оның орынбасары нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңестер шақырады. Келіспеушілік жойылған жағдайда мемлекеттік орган белгіленген мерзімде қаулының жобасын пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Премьер-Министрдің орынбасары Кеңсенің Басшысы түпкілікті шешім қабылдау үшін ол туралы Премьер-Министрге не оны алмастырушы адамға хабарлайды. жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
                қаулысымен. P010856_
      18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.
      Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.03.19. N 278
               қаулысымен. P990278_
      ЕСКЕРТУ. 18-1-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.08.11.
               N 1143 қаулысымен. P991143_
      ЕСКЕРТУ. 18-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1999.12.14. N 1917
               қаулысымен. P991917_
      18-2. Үкіметтің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспары жөніндегі қаулыларының жобаларын келісу және енгізу мәселелері Үкімет бекітетін тиісті нұсқаулықпен айқындалады. <*>
      Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N
               116 қаулысымен. P000116_
      19. Жобаның уақтылы, сапалы әзірленуі және белгіленген мерзімдерде Үкіметке ұсынылуы, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірдейлігі және жоба мәтінінің жазылу стиліне қойылатын талаптардың сақталуы үшін оны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жеке жауап береді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
                қаулысымен. P010856_
      20. Жобалар міндетті түрде:
      1) құзыретіне қарай орталық атқарушы органдармен (министрліктермен, агенттіктермен) келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің нысанасына сүйене отырып белгіленеді;
      1-1) экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын негiзгi бағыттарына жобаның сәйкес келуін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау шеңберiнде - қаржылық орындылығы және жобаның қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен; <*>
      2) <*>
      3) жобаға заңдық сараптама жүргізу және оның Қазақстан Республикасының Конституциясына және заң актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Әділет министрлігімен келісіледі.
      Ескерту. 20-тармақ 1-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.03.13. N 386 қаулысымен. P000386_
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1055
              қаулысымен. P021055_
      21. Мемлекеттік орган (жобаны әзірлеуші) сонымен бір уақытта жобаның көшірмелерін барлық мүдделі орталық атқарушы органдарға, сондай-ақ сол жобада мүдделеріне қозғау салынуы мүмкін өзге де мемлекеттік органдарға жібереді. Үкіметтің шешімді неғұрлым жедел қабылдауы мақсатында Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жобаға мемлекеттік органдардың басшылары немесе лауазымды тұлғалары (лауазымы бойынша вице-министрден төмен емес) кеңесте (мәжілісте) қол қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар өздері виза қойған жоба туралы мемлекеттік органның бірінші басшысына баяндайды. Мемлекеттік органдарда келісу мерзімдері сонымен бір уақытта есептеледі және Үкімет пен Премьер-Министр актілері келіп түскен және тіркелген сәттен бастап 7 жұмыс күнінен, ал заң жобасы келіп түскен және тіркелген сәттен бастап 12 жұмыс күнінен аспауға тиіс. <*> Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары және Кеңсе Басшысы келісудің басқа мерзімдерін белгілей алады. <*>
      Жобаның көшірмесі келісуге алған кезде мемлекеттік органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала қол қоюын талап етпеуге, сондай-ақ басқа шартты белгілер бойынша келісуден бас тартпауға тиіс. <*>
      Ескерту. 21-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      22. Жобаны қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолы қойылған мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
      1) жоба ескертпесіз келісілді (жобаға виза қойылған);
      2) жоба ескертпелерімен келісілді (жобаға виза қойылған) қаулының жобасына ескертпелер көрсетiлген хатқа, келiсушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қол қояды;
      3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
      Нақты бір орталық атқарушы органның жобаны алып, белгіленген мерзімде қарамай, дәлелді себептерсіз Регламентке сәйкес жауап ұсынбауынан өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет қабылдаған шешімнің негізсіз, заңсыз екені (оның ішінде өрескел қателер мен дәлсіздіктер) анықталған жағдайда, осы мемлекеттік органның бірінші басшысы Үкімет қабылдаған шешімнің нәтижесінде болған теріс салдардың дәрежесіне қарай заңдарда белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      23. Келісу мерзімі аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі мемлекеттік органдардың барлық ұсыныстарын қорытындылап (ескертулерін орындап) жобаның түпкілікті нұсқасын әзірлейді. Бұл ретте әзiрлеушi түпкiлiктi нұсқасын дайындау процесінде мiндеттi түрде және толық көлемде мемлекеттiк органдардың өзi келiскен және заң техникасы бойынша ескертпелерiн жояды. Жобаның аталған нұсқасы виза қою жолымен мүдделi мемлекеттiк органдармен (жобаны келiсуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда) келiсiледi және Кеңсеге ұсынылады. Сонымен бiр мезгiлде, жобаның электрондық көздегi нұсқасы ұсынылады. <*>
      Бұл ретте әзiрлеушi ескертпелермен және ұсыныстармен келiспеген жағдайда әзірлеуші және келісуші мемлекеттік органдардың арасында түсініспеушілік хаттамасы жасалады, олардың басшылары қол қояды және ол жобаға қоса беріледі. <*>
      Жобаны әзірлеуші жобаны Кеңсеге енгізген кезде түсіндірме жазбада осы жобада мүддесі қозғалып отырған мемлекеттік органның визасы болмауының себебін (мұндай факт орын алса) міндетті түрде көрсетеді, бұл ретте енгізіліп отырған материалдарға оның тиісті мемлекеттік органға келісуге енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда жоба мүдделі мемлекеттік органға келісуге жіберілмеген болып саналады.
      Қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің, Премьер-Министрі орынбасарының және Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жоба агенттiктерге, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.09.21. N 1426 қаулысымен. P991426_
      Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      23-1. Кеңсе Үкiмет қаулысының жобасы Кеңседе тiркелген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Үкiмет мүшелерiне (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргiзген адамдарды қоспағанда) дауыс беру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн жобаның (құпия және кадрлық жобалардан басқа) электронды көшiрмелерiн жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкімет мүшелерiне оларға қатысты бөлiгiнде ғана дауыс беру үшiн жiберiлуi мүмкiн. Жобалардың көшiрмелерi электронды почта арқылы таратылады.
      Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беру мерзiмi қаулылар жобалары бойынша жобалардың электронды көшiрмелерiн таратқан күннен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Дауыс беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн Үкiмет мүшелерi Кеңсеге жобалар бойынша өзінің пiкiрiн білдiретiн жазбаша жауаптар жiбередi. Үкiмет мүшесінен жазбаша жауап түспеген жағдайда, Үкiмет мүшесi жобаның қабылдануына ескертпелерсiз дауыс бердi деп саналады. Үкiмет қаулыларының жобалары бойынша дауыс берудi Үкiмет мүшелерi алмасу құқығынсыз жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25.
               N 856 қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 23-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N
               1055 қаулысымен. P021055_
      24. Әзiрлеушi мыналарды қамтитын түсiндiрме жазбаны жобаға мiндеттi түрде қоса бередi:
      1) жобаны қабылдау қажеттiлiгiне негiздеме (заң актiлерiне, Президент актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме);
      2) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар;
      3) жобаны iске асыруға байланысты болжамды қаржы шығындары;
      4) жоба қабылданған жағдайда күтiлетiн нәтижелердiң нақты мақсаттары мен мерзiмдерi, енгiзiлетiн ұсыныстардың тиiмдiлiгi;
      5) жобада көрсетiлген мәселелер құзыретiне кiретiн мемлекеттiк орган басшысы визасының болмау себептерi (мұндай факт болған кезде);
      6) жобада қаралатын мәселелер бойынша бұдан бұрын Президенттiң және/немесе Yкiметтiң қандай нормативтiк құқықтық актiлерi қабылданғаны және әзiрлеушi оларды қалай орындағаны туралы мәлiметтер;
      7) заңдарды кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiлiгi (жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаудың қажеттiлiгi, сондай-ақ қандай нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу қажет болатыны көрсетiлсiн).
      Қаулының жобасында шарттарға, келiсiмдерге және өзге де құжаттарға (заң актiлерiнен, Президенттiң, Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң актiлерiнен басқа) сiлтемелер болған кезде әзiрлеушi тиiстi құжаттардың көшiрмелерiн жобаға мiндеттi түрде қоса бередi.
      Көлемi екi және одан да көп бет болатын Үкiмет қаулылары жобаларының, сондай-ақ оларға қосымшалардың әр бетiне әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оны алмастырушы адам қол қоюға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      25. Мемлекеттік орган (жобаны әзірлеуші) бір уақытта жобада Үкіметтің және/немесе Премьер-Министрдің шешімдерін қабылданатын актіге сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып оларды тиісінше келтіру туралы тапсырманы көздейді. Егер жоба заңдарды оған сәйкес келтіруді қажет етпейтін болса (қабылданғаннан кейін), онда ол туралы ақпарат жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі. <*>
      Ескерту. 25-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      26. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған қатысты тиісті материалмен бірге) сараптама жүргізу және жоба бойынша қорытынды дайындау үшін Кеңсеге енгізіледі. <*>
      Кеңседе жобаның қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де мәнiстерiне сараптама (бұдан әрi - сараптама) жүргiзiледi. Сараптама жобаның сапасын, дайындау негiздiлiгiн, уақытылылығын бағалау, ол қабылданған жағдайда орын алуы ықтимал терiс салдарларын анықтау үшiн, сондай-ақ жобаның нормативтiк құқықтық және жоғары деңгейдегi өзге де актiлерге, Үкiметтiң нормативтiк құқықтық қаулыларына сәйкес келу мәнiнде жүргiзiледi. Жобалардың сараптамасы Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олардың тиiстi жобаларға қол қою немесе оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде ақпараттық-ұсынымдық сипатта болады.
      Жоба бойынша қорытындыны жобаның өтуiне жауапты Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесi дайындайды. Қорытынды жобаны қабылдаудың қажеттiлiгi, жобаны келiсуге жiберген Үкiмет мүшелерiнiң және мемлекеттiк органдардың қарсылықтары (олар болған жағдайда), жобаның Кеңседегi сараптамасының нәтижелерi, жобаны пысықтау, оның iшiнде жұмыс тәртiбiмен пысықтау (мұндай фактi болған кезде) туралы ақпаратты, жоба бойынша қажеттi өзге де ақпаратты қамтуға, сондай-ақ жобаны қабылдау немесе одан бас тарту туралы ұсынысты қамтуға тиiс;
      Жобаны тіркеудің алдында Кеңсе оның іс қағаздар жүргізу және осы Регламент талаптарына сәйкестігін тексереді. <*>
      Жобаның іс қағаздар жүргізу талаптарына сай келмейтіні туралы ескертулер болған жағдайда, Кеңсе жобаны тіркемей тұрып, оны тиісті мемлекеттік органға қайтаруға құқылы.
      Жоба Кеңседе тiркелгеннен кейiн сараптама жүргiзiледi және Кеңсенiң шығарушы бөлiмшесiнiң қорытындысы дайындалады, содан кейiн жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң бiрдейлiгi тексерiледi. Заң жобаларынан басқа, жобаны сараптамадан өткiзу және ол бойынша қорытындыны дайындау мерзiмi жоба бойынша осы Регламенттiң 23-1-тармағында белгiленген дауыс беру мерзiмдерi аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. <*>
      Кеңсе жоба мәтіндерінің бірдейлігін тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша оны мемлекеттік органға мынадай негіздер бойынша пысықтауға қайтаруға құқылы:
      1) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірдей болмауы;
      2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуі;
      3) осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ұсынылуы.
      Басқа да негіздер бойынша теріс сараптық қорытындылар жобаны қайтаруға негіз бола алмайды.
      Кеңсенің аталған ескертпелері бар жоба пысықтауға:
      1) Кеңсе Басшысы (оны алмастырушы адам) Кеңсе бөлімдерінің сараптық қорытындысының негізінде негізді хат жолдай отырып жазбаша тапсырма беру арқылы;
      2) мемлекеттік органдар басшыларының немесе олар өкілеттік берген адамдардың қатысуымен кеңес өткізгеннен кейін хаттамалық шешім ресімдеу арқылы;
      3) жобаны әзiрлеушi (өкiлеттi адам) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ескертпелерiмен жазбаша келiсiлген кезде жұмыс бабында Кеңсе Басшысының немесе тиiстi мәселелердi қадағалайтын оның орынбасарларының келiсiмiмен қайтарылуы мүмкiн, бұл туралы жобаның келiсу парағында белгi жасалады және жобаның өту мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенiң бөлiмшесiне хабарланады. Жұмыс бабында пысықтау мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. <*>
      Жобаға сараптама жүргiзiлгеннен, қорытынды дайындалғаннан және оны пысықтағаннан кейiн (мұндай фактi болған кезде) Кеңседе оның түпкiлiктi нұсқасы, қорғалған елтаңбалық бланкiге белгiленген тәртiппен көшiрiледi және оған тiкелей орындаушы мен жобаның өтуiне жауапты Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы не оны алмастырушы адам, жобаның сараптамасын жүргiзген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң бiрдейлiгiн әрi олардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асыратын Кеңсенiң қызметкерлерi виза қояды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      27. Жобаларды Премьер-Министрдің орынбасарларында келісу - міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады, олардың мазмұндық сипаттағы ескертулері пайда болған жағдайда, орынбасарлар қажет болғанда кеңес шақырады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
      Жоба Кеңседе сараптама - жүргiзiлген және оның қорытындысы дайындалған, сондай-ақ Премьер-Министрдiң орынбасарларында келiсiлгеннен кейiн Кеңсе Басшысы оған виза қояды және ол бойынша шешiм қабылдау үшiн Премьер-Министрге не оны алмастыратын адамға баяндайды. <*>
      Yкiмет қаулысының жобасына Үкiмет мүшелерi көпшiлiгiнiң ескертпелерi және/немесе қарсылықтары болған жағдайда Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiмен келiсiлген, шешiм әзiрлеу үшiн кеңес шақыруы мүмкiн. Үкiмет қаулысының жобасы бойынша Үкiмет мүшелерi көпшiлiгiнiң көзқарасын келiсуге қол жетпеген кезде қаулы қабылданбайды, бұл кеңестiң хаттамасында көрсетiлуге тиiс. <*>
      Қажет болған кезде жобаны Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам пысықтау және (немесе) қосымша келісу үшін тиісті мемлекеттік органға жолдауы мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. 27-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      28. Үкіметтің қаулысы мен Премьер-Министрдің өкіміне Премьер-Министр қол қояды. Қол қойылғаннан кейін шешімнің түпнұсқасына түзету енгізуге жол берілмейді. Премьер-Министр ұзақ уақыт болмаған кезде Үкіметтің қаулысы мен Премьер-Министрдің өкіміне Премьер-Министрдің бірінші орынбасары немесе Премьер-Министр мұндай өкілеттік жүктеген жағдайда оның басқа орынбасары қол қоя алады. <*>
      Ескерту. 28-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      28-1. Үкiметтiң қаулыларын және Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу мен есепке алу Премьер-Министрдiң Кеңсесi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қол қойылған Үкiметтiң қаулыларына және Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсе мыналарды қамтыған тiркеу нөмiрлерiн бередi:
      1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, өкiмдер үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, сызықша арқылы "ө" әрпiн көрсете отырып;
      2) құпия немесе өте құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған реттiк нөмiр, құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар (өкiмдер) үшiн реттiк нөмiрдi сызық арқылы көрсетiп, құпия қаулылар (өкiмдер) үшiн - "қ" әрпiн және өте құпиялары үшiн - "өқ" әрiптерiн жаза отырып;
      3) бюджеттiк бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн қаулылар үшiн - бастапқы қаулының реттік нөмірі, әлiпби тәртiбiмен берiлетiн әрiп таңбасы жазыла отырып. <*>
      Ескерту. 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.12. N
               298 қаулысымен. P020298_
      29. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін қосымшаларымен бірге Кеңсеге жөнелтеді.
      Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе сақталады.
      Құжаттардың уақтылы шығарылуы мен алушыларға жөнелтілуі үшін Кеңсе жауап береді.
      30. Жобалары осы Регламенттің талаптарын бұза отырып енгізілген Үкіметтің қабылданған шешімдері үшін жобаны әзірлеуші жауап береді.
      Пысықталғаннан кейін жоба Кеңсеге қайта енгізілген кезде оған сараптама жүргізудің және қорытынды дайындаудың жаңа мерзімі белгіленеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      31. Қажет болған жағдайда Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің қосымша даналары тек Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана беріледі.
      32. Техникалық қателері болған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру тек Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін, бұл жағдайда бастапқы жіберілген құжаттар Кеңсеге дереу қайтарып алынуы тиіс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 32-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      32-1. Үкімет нормативтік қаулы қабылдаған жағдайда министрлік, агенттік, ведомство бір ай мерзімде өзінің мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік, сондай-ақ өзге де актілерін Үкіметтің қабылданған актісіне сәйкес келтіруге міндетті.
      Нормативтік актіні қабылдаған орган таратылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерінің күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді оның құқықтық мұрагері немесе жоғары тұрған орган шешеді. <*>
      Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N
               116 қаулысымен. P000116_

      5. Республика Үкіметі енгізетін Қазақстан
         Республикасының Президенті актілерінің жобаларын
         әзірлеу

      33. Үкімет енгізетін Республика Президенті актілерінің жобаларын дайындауды қолданылып жүрген заңдарға және осы Регламентке сәйкес тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      Мемлекет басшысы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкіметтің қаулысы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы адамның хаты арқылы енгізіледі.
      34. Мемлекет басшысы актілерінің жобаларына қоса берілетін Үкімет қаулыларының жобаларына мүдделі органдардың бірінші басшылары немесе оларды алмастырушы адамдар виза қояды.
      Жобаның келісілгені Мемлекет басшысының актілері мәтіндерінің түпнұсқаларына (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) қол қоюдан (виза қоюдан) және актінің жобасына келісу парағына қол қоюдан көрінеді.
      Қарауға ұсынылып отырған Мемлекет басшысы актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
      1) Президент актісінің жобасы және Үкіметтің қаулысы немесе Премьер-Министрдің хаты, Жобаның Жарлық (өкім) бланкілерінде жасалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндеріне және қосымшаларына жобаны енгізіп отырған мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастырушы адам виза қояды. Жобаның түпнұсқасына Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам, Кеңсе Басшысы, Әділет министрі виза қояды. Басқа мемлекеттік органдардың басшылары визасын келісу парағына қояды;
      2) көлемі 5 парақтан аспайтын анықтама, онда мәселенің мәнісі және негіздеме, оның ішінде қаржы-экономикалық негіздеме, Президенттің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың атқарылуы туралы анықтамалар, қажет болған жағдайда әлеуметтік-саяси талдау және актіні қабылдаудың нәтижесінде күтілетін болжам баяндалады;
      3) Мемлекет басшысының қолданылып жүрген актілерін өзгерту мен толықтыру туралы жоба енгізілген кезде акті жобасының бұрынғы және жаңа редакциясын әзірлеуші - министрліктің, агенттіктің басшысы қол қойған салыстырма кестесі ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, өкімі жобасының Президент Әкімшілігі белгілеген нысандағы келісу парағы.
      35. Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық жасаған және қабылдаған және Үкіметті заңдарды осы актіге сәйкес келтіру жөніндегі тапсырманың орындаушысы деп белгілеген акт күшіне енген күннен бастап Кеңсе үш жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей, Үкіметке қолданылып жүрген заңдарды қабылданған актіге сәйкес келтіруді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөнінде мемлекеттік органда (мемлекеттік органдарда) жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) деп белгілеу жөнінде Үкіметке ұсыныс дайындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_

          6. Yкiметтiң заң шығару қызметi <*>

      ЕСКЕРТУ. 6-тараудың атауы өзгерді өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25.
               N 856 қаулысымен. P010856_
      36. Үкіметтің Заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады және Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Әділет министрлігі Үкіметке ұсынады. <*>
      Тиісті жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасы Президентімен келісу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 U020873_ Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1055
               қаулысымен. P021055_
      36-1. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Мемлекет басшысының тапсырмалары, Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы, мемлекеттiк бағдарламалар және Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ескерiле отырып, жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25.
               N 856 қаулысымен. P010856_
      37. Мемлекеттік органдар Заң жобалары жұмыстары жоспарының негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заң жобаларын белгіленген мерзімдерде әзірлейді және Республика Үкіметіне ұсынады.
      Заң жобаларын сапалы, уақтылы әзірлеу және ұсыну үшін тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауап береді.
      Заң жобасын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру, сондай-ақ ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе толықтыру туралы мәселе алдын ала мемлекеттiк органның - заң жобасын әзiрлеушiнiң өтiнiшi бойынша Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Мемлекеттiк орган Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Үкiмет қаулысының жобасын Үкiметке енгiзген кезде түсiндiрме жазбада Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша негiздемесi мен шешiмi мiндеттi түрде көрсетiледi.
      Ведомствоаралық комиссиямен заң жобасын қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың, тұжырымдамалардың, Үкiметтiң iс-шаралары жобаларының нормалары келiсiледi.
      Мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңмен реттеудiң жаңа тетiктерiн енгiзу Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының перспективалық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзумен қатар жүргiзiлуге тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 37-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      38. Келісуші органдардың бірінші басшылары виза қойған заң жобалары Республика Үкіметінің қарауына мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Үкімет қаулысының жобасы арқылы енгізіледі.
      Көрсетілген жобаларды ресімдеудің және енгізудің, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Регламентінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге, Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
      Кеңседе жобаларға сараптама жүргiзу және олар бойынша қорытындылар дайындау мерзiмi жоба бойынша дауыс берудiң осы Регламенттiң 23-1-тармағымен белгiленген мерзiмдерi аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. <*>
      Осы Регламентте көзделген негіздер бойынша заң жобалары оларды ұсынған мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады.
      ЕСКЕРТУ. 38-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      39. Үкімет Республика Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заңдардың жобаларын Президенттің Әкімшілігімен келісу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 U020873_ Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      Үкiметке жiберiлген, депутаттар бастамашылық жасаған заң актiлерiнiң жобалары Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Заң жобалау қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Үкiметке заң жобасы түскен күннен бастап 15 күндiк мерзiмде Комиссия депутаттардың Үкiметке енгiзген заң жобасына оң не өзге баға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi. <*>
      Республика Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтін заң жобалары бойынша Парламентке қорытынды ұсынады.
     Қорытынды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдаумен немесе оның мәжiлiсiнiң хаттамалық шешiмiмен, сондай-ақ осы Регламенттiң 20 және 21-тармақтарында немесе 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен Үкiметтiң ұжымдық, заңды пiкiрiн бiлдiретiн өзге құжатпен ресiмделедi. <*>
      Қорытындының жобасын 25 күндік мерзiмде не Премьер-Министрдiң тапсырмасында белгiленген мерзiмдерде құзыретiне заң жобасымен реттелетiн қатынастар кiретiн мемлекеттiк орган дайындайды және мiндеттi түрде Әдiлет, Экономика бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен келiсiледi. <*>
      Ескерту. 39-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.13. N 1068
               қаулысымен. P001068_
      ЕСКЕРТУ. 39-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 39-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1055
               қаулысымен. P021055_
      39-1. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының орындалуын жалпы бақылауды Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
      Әдiлет министрлiгi ай сайын Үкiметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептiден кейiнгi айдың 1-күнi Үкiмет пен Парламентте заң жобаларының өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы туралы есептi бередi.
      Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерi бұзылған жағдайда, Әдiлет министрлiгi ақпаратының негiзiнде Кеңсе заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзедi.
      Ведомствоаралық комиссия заң жобаларының Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде өту процесiнде мемлекеттiк органдар арасындағы қайшылықтарды реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
      Ведомствоаралық комиссия өз отырысында жобалардың сараптамасын уақытылы орындау мақсатында дайындалған заң жобаларын Үкiметке заң жобаларын әзiрлеушiлердiң тапсыруын ағымдағы мерзiмдерiн белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25.
               N 856 қаулысымен. P010856_
      40. Үкіметтің қарауына ұсынылатын мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалатын заң жобасы жөніндегі материалдар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) заң жобасы және Үкіметтің жоба жөніндегі қаулысы;
      2) жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, қабылданатын заңдардың мақсаттарының, негізгі қағидалары мен болжалып отырған салдарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар түсіндірме жазба;
      3) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
      4) егер тәуелсіз немесе ғылыми сараптама жүргізілген болса, жоба бойынша сараптық қорытындылар;
      5) негізгі жобаның қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылған деп танылуға тиісті заң актілерінің жобалары және іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы ұсыныстар мен олардың тізбесі;
      6) егер заң жобасы шығыстарды талап ететін болса, қаржыландыру көзі көрсетіле отырып, қаржылық-экономикалық есептер;
      7) қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген кезде баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесі ұсынылады;
      8) белгіленген нысандағы анықтама парақ.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобалары бойынша түсіндірме жазбаны заң жобасын әзірлеген мемлекеттік орган дайындайды, оған оның бірінші басшысы не оны алмастырушы адам, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Кеңсе Басшысы виза қояды және Премьер-Министр не оны алмастырушы адам қол қояды.
      Министрлiктер мен агенттiктердiң ескертпелерi бар заң жобалары Премьер-Министрдiң осы мәселелердi қадағалайтын орынбасарындағы кеңесте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Талқыланатын мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген кезде Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрге не оны алмастыратын тұлғаға хабарлайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 40-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      40-1. Қазақстан Республикасының Парламентiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзген заңдардың жобасын ұсынушы уәкiлеттi тұлғаларға оларды қарау кезiнде заңның тұжырымдамасына құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге Үкiметпен келiспестен келiсiм білдiруге тыйым салынады.
      Көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Парламентiнде тиiстi заң жобасын ұсынушы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары дереу Премьер-Министрдің Кеңсесіне бұл өзгерістер мен толықтырулар туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      Қазақстан Республикасының Парламентінде тиісті заң жобасын ұсынатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкіметтің келісуінсіз көрсетілген негіздемелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауаптылықта болады.
      Парламентарийлер көрсетілген негіздемелер бойынша Үкіметпен келісілмеген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар Мәжілістің стенограммасында өзінің қарсылығын көрсетуді талап етуге және Премьер-Министрдің Кеңсесіне осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті. <*>
      Yкiмет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламенттiң Мәжілiсi мен Сенаты енгiзген тұжырымдамалық өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлеушi салыстырмалы кесте нысанында қысқаша түйiнiмен Үкiметке хабарлайды, оларды Премьер-Министрдiң Кеңсесi осы өзгерiстер мен толықтырулар бойынша Үкiмет бiрыңғай көзқарасты айқындау үшiн Экономика және бюджеттiк жоспарлау және Әдiлет министрлiктерiне, сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдарға жiбередi. <*>
      Үкiмет шешiмiнiң Парламентте өткiзiлуiн бақылауды Үкiметтiң Парламенттегi Өкiлдiгi (бұдан әрi - Өкiлдiк) жүзеге асырады.
      Өкiлдiк Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi, Парламент қарайтын және Үкiметтiң қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсенiң Басшысына тұрақты түрде хабарлап отырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21.
               N 1426 қаулысымен. P991426_
      ЕСКЕРТУ. 40-1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 40-1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1055
               қаулысымен. P021055_
      40-2. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, Премьер-Министрге қолымен бекітуге жолданған барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшіне орай) Әділет және Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде мынадай: <*>
      1) Үкімет бастамашы болған заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заң актілеріне қайшылықтардың бар екендігі туралы және қосымша қаржы шығындары туралы;
      3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудің мүмкіндігі туралы ақпараттар айтылатын қорытынды дайындайды және Кеңсеге жолдайды.
      Осы тармақта көзделген ресімдердің атқарылуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 40-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22.
               N 116 қаулысымен. P000116_
      Ескерту. 40-2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.20.
               N 611 қаулысымен. P000611_
      ЕСКЕРТУ. 40-2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      Ескерту. 40-2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1055
               қаулысымен. P021055_
      40-3. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшімен) Әділет министрлігімен бірлесіп заң актiсi күшiне енген (қолдануға енгiзiлген) күннен бастап бiр ай мерзiмде Үкiметке атқару мерзімдерін белгілеу арқылы және қолданылып жүрген заңдарды оған сәйкес келтіру жөніндегі тапсырмалармен мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды), қабылдануы аталған заң актілерімен негізделген, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты атқарушы (жауапты атқарушылар) етіп белгілеуді көздейтін белгiленген тәртiппен келiсiлген қаулының жобасын енгiзедi. <*>
      Ескерту. 40-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22.
               N 116 қаулысымен. P000116_
      ЕСКЕРТУ. 40-3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      40-4. Парламенттен заң жобасын Үкiметтiң қайтарып алуы осы ұсыныс Үкiметтiң отырысында қаралғаннан кейiн жүзеге асырылады және жобасын Үкiметке заң жобасын әзiрлеуші енгiзетiн Үкiметтiң қаулысымен ресiмделедi. Заң жобасын қайтарып алу кезiнде Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның пiкiрi ескерiледi. <*>

     Ескерту. 40-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. 
              N 856 қаулысымен.  

P010856_

 
     40-5. Бұған дейiн заң актiсiмен реттелген қатынастар жөнiндегi заң 
жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар алдын ала Заң жобалау қызметiнiң 
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысында, одан кейiн 
Үкiметтiң мәжiлiсінде қаралады.
<*>

     Ескерту. 40-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. 
              N 856 қаулысымен.  

P010856_

 
     
     6-1. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезінде орталық атқарушы 
                органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
<*>

     Ескерту. Жаңа 6-1-бөліммен және 40-6, 40-7, 40-8-тармақтармен         
              толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856 қаулысымен.   
               

P010856_

 
     


      40-6. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкіметтің атына жіберілген прокурорлық ден қою актілерін қарауды прокурорлық ден қою актісінің мәні болған мәселелер құзыретін енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
      40-7. Прокурорлық ден қою актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган Бас Прокуратураға Үкімет жауабының жобасын, қажет болған жағдайда - Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және прокурорлық ден қою актісінен туындайтын өзге де шаралар қабылдайды.
      Бас Прокуратураға Үкімет жауабының жобасы міндетті түрде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келісіледі.
      Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының виза қою не ескертпелер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
      40-8. Прокурорлық ден қою актілеріне Үкімет жауаптарының келісілген жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 U952709_ заң күші бар Жарлығымен белгіленген актілерге жауап беру мерзімдері аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірілмей Кеңсеге ұсынылады.

      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін
                  жариялаудың тәртібі

      41. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актілері міндетті түрде жариялануға тиіс.
      42. Мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны білдіретін мәліметтері бар актілер жариялануға жатпайды.
      43. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерінде, өзге де баспасөз органдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жеткізіледі.

      8. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің,
         халықаралық келісімдердің, сондай-ақ
         Президенттің, Премьер-Министрдің, оның
         орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен
         Кеңсе Басшыларымен тапсырмалары бар құжаттардың
         атқарылуына бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың
                           тәртібі

      44. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің халықаралық келісімдердің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе Басшыларымен тапсырмалары бар құжаттардың атқарылуына бақылау мен тексеруді ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 U984097_ Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 44-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      45. Мынадай құжаттар (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алынады:
      1) Үкіметке немесе оның Басшылығына тапсырмалар берілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері;
      2) Үкіметтің қаулылары мен хаттамалық шешімдері, Премьер-Министрдің өкімдері;
      3) орындау мерзімдері көрсетілген, соның ішінде "шұғыл" деген белгісі немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқауы не "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" және т.б. белгілері бар Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның тапсырмалары;
      4) Парламент депутаттарының сұрау салулары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беруге өтініш жасалғаны жөніндегі Парламент Палаталарының арнау хаттары. <*>
      ЕСКЕРТУ. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      46. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы атқарылуы үшін жауапкершілік олар атқарылуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 46-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      47. Президент актілерінің атқарылуына жауапты мемлекеттік органдар үш күндік мерзім ішінде оларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспарын жасайды және оны Премьер-Министрдің бекітуіне ұсынады.
      48. Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, Премьер-Министрі өкімдерінің атқарылу мерзімдеріне бақылау жасау жөніндегі қызметін ақпараттық-талдаулық қамтамасыз етуді Кеңсе жүзеге асырады, ол Премьер-Министрге олардың атқарылу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат беріп отырады.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы тиісті жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл жоспары және Заң жобалары жұмыстарының жоспары жөніндегі шаралардың орындалуы туралы Премьер-Министрге ай сайын хабарлап отырады.
      49. Yкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң атқарылу мерзiмiн Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министрдiң келiсiмiмен, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның белгiленген тәртiпте енгiзiлген жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде Кеңсенiң Басшысы ұзартуы мүмкiн. Құжаттың атқарылу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi. <*>
      Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк органдар - Yкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң қосымша атқарушылары, ол үшiн белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi. <*>
      Президенттің Үкіметке қатысты актілерін бақылаудан алу және олардың атқарылу мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президенттің Әкімшілігі қарайды.
      Ескерту. 49-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      Ескерту. 49-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.13. N 1068
               қаулысымен. P001068_
      50. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған не орындалуын бақылауды талап етуге тапсырма берген лауазымды адам бақылаудан алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      51. Мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердегі тапсырмалар Үкіметтің қаулыларында қамтылған тапсырмалар сияқты тәртіппен бақылауға алынады және бақылаудан алынады.
      52. Президенттің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларының атқарылуына бақылау жасау оны атқару тапсырылған мемлекеттік органға жүктеледі.
      Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар, егер Мемлекет басшысы өзгеше белгілемесе, екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
      Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, оларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының қарарлары бар, бақылаудағы тапсырмаларын Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшылығы шешім қабылдаған күнінен бастап 25 күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдар атқарады. <*>
      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларында, әдетте, құжаттардың атқарылу мерзімдері белгіленеді. Олар болмаған жағдайда, атқарудың құжат түскен күннен бастап есептелетін бір айлық мерзімі, ал "шұғыл" деген белгісі болған кезде - он күндік мерзім белгіленеді.
      Егер тапсырманы белгiленген мерзiмде орындау мүмкiн болмаса, тапсырманың орындалуы үшiн жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқаратын адам) кiдiрiстiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiпте оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейді. <*>
      Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк органдар - тапсырманы қосымша атқарушылар, оған белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi. <*>
      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық шешімі мен өзге де тапсырмаларының нормативтік-құқықтық сипаты болмайды. <*>
      Ескерту. 52-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116
               қаулысымен. P000116_
      Ескерту. 52-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.07.13. N 1068 қаулысымен. P001068_
      52-1. Бақылаудағы құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге:
      1) бақылаудағы құжаттардың орындалуының белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін бақылаудағы әрбір құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есепті (ақпаратты);
      2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен орындаушылық тәртібі және бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзімдерін бұзуға кінәлі нақты лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынады. <*>
      Ескерту. Жаңа 52-1-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2001.06.25. N 856 қаулысымен. P010856_
      53. Тапсырмаларды (соның ішінде Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшылығының директивалық құжаттарында, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған) бақылаудан шығару не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының қарары бойынша жүзеге асырылады.
      Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін, Кеңсеге жіберетін бақылаудағы тапсырмалардың орындалуы туралы есептерде (ақпаратта), міндетті түрде:
      не, егер тапсырманы ақиқатты себептер бойынша белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңадан нақты мерзім көрсетіп, орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
      не, егер тапсырма толық көлемде орындалса, бақылаудан алу туралы өтініш;
      не, егер тиісті актіде немесе тапсырмада кезеңдік ақпарат ұсыну көзделсе, құжаттың ақпарат ретінде енгізілетіні туралы жазба қамтылуға тиіс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856
               қаулысымен. P010856_
      54. Кеңсе Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Президенттің, Премьер-Министрдің тапсырмаларының орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабарлай отырып, Премьер-Министрдің олардың атқарылуына бақылау жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
      Премьер-Министрдің орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы мен оның орынбасарлары Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын келісудің және атқарудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылуы фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізе алады. <*>
      Ескерту. 54-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116

              қаулысымен.  

P000116_

 
     55. Үкімет шешімдерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 
бөлігінде Кеңсенің Басшысы тапсырмалар береді, олар бақылауға алынады.
     56. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының 
тапсырмалары бойынша Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің 
жобаларын осы Регламентте белгіленген тәртіппен енгізу, мұндай 
тапсырмаларды жазбаша өтініш жасамай-ақ, бақылаудан алуға негіз болып 
табылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.25. N 856  
              қаулысымен.  

P010856_

                           
     
                 9. Қорытынды ережелер 
     
     57. Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсенің Басшысы осы 
Регламентпен белгіленген тәртіптің және Үкіметке енгізілетін актілердің 
жобаларын экономикалық және құқықтық пысықтауға талаптардың қатаң 
сақталуын қамтамасыз етеді.
<*>

     Ескерту. 9-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 116    
              қаулысымен.  

P000116_

   
  
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.