Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 17 шiлде N 676. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.23. N 156 қаулысымен. ~P990156

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 P971599_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
      "Жалпы ережелер" деген I бөлiмде:
      5-тармақ "мүдделерiн қорғауды" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ прокурорлық жауап беру актiлерiн қарауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Жұмыстарды жоспарлау" деген II бөлiмде:
      7-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсiлген" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзац "анықтаманың негiзiнде" деген сөздерден кейiн "Кеңсе Басшысы" деген сөздермен толықтырылсын; "Премьер-Министрi" деген сөз "Премьер-Министрiнiң келiсуiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәжiлiстерiн дайындаудың
және оларды өткiзудiң тәртiбi" деген III бөлiмде:
     13-тармақта:
     бiрiншi абзац "көпшiлiк даусымен" деген сөздерден кейiн
"хаттамалық шешiм" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ресiмделетiн, Үкiметтiң шешiмi
немесе мәжiлiстiң хаттамалық шешiмi" деген сөздер алынып тасталсын;
     екiншi абзац алынып тасталсын;
     14-тармақта:
     "қатыса алады" деген сөздер "шақырылуы мүмкiн" деген сөздермен
ауыстырылсын;
     "шақырылған адамдар да" деген сөздер алынып тасталсын;
     16-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "осы Регламенттiң 7-тармағының бiрiншi
абзацында аталған" деген сөздер алынып тасталсын;
     17-тармақта:


      екiншi абзацтағы "Үкiмет қаулысының жобасына" деген сөздер "анықтамаларға, талдау материалдарына, хаттамалық шешiмдердiң жобаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "Үкiметтiң қаулысының" деген сөздер "хаттамалық шешiмiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      жетiншi абзацтағы "Үкiмет қаулысының жобаларын қараудың нәтижелерi бойынша дайындалған Премьер-Министр Кеңсесiнiң сараптық қорытындысы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      21-тармақ алынып тасталсын;
      "Мемлекеттiк органдардың бастамашылығы бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын дайындаудың және ресiмдеудiң тәртiбi" деген IV бөлiмде;
      22-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк органдар" деген сөздерден кейiн "осы Регламентке және Үкiмет бекiткен Нұсқаулыққа сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; абзац мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Үкiмет қаулысының жобаларын немесе Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның басшысы олардың Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына сәйкес болуы үшiн жауап бередi";
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жобалар мiндеттi түрде:
      белгiлi бiр жобаны қабылдаудың экономикалық тұрғыда мақсатқа сай екенiн негiздеу бойынша - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен;
      белгiлi бiр жобаның қаржылық тұрғыда мақсатқа сай екенiн негiздеу бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен;
      енгiзiлiп отырған жобаның республика заңдарына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзу үшiн - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсiледi";
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерi жобаларының мемлекеттiк тiлден орыс тiлiне аудармасының дәл болуы үшiн жауапкершiлiк-әзiрлеушiге, ал жобалардың құқықтық сәйкестiгi үшiн жауапкершiлiк Әдiлет министрлiгiне жүктеледi.
      Мемлекеттiк органдар Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларымен бiрге қолданылып жүрген заңдарды қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын енгiзедi. Егер актiлердiң жобалары заңдарды осы актiлерге сәйкес келтiрудi талап етпесе, онда бұл туралы ақпарат жобалардың түсiндiрме жазбасында көрсетiледi";
      тоғызыншы абзацтағы "жетi күннен" деген сөздер "жетi жұмыс күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: "Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген заңдарды Қазақстан Республикасының Президентi бастамашылық жасаған және қабылдайтын, Үкiметтi заңдарды осы актiге сәйкес келтiру жөнiндегi тапсырманы орындаушы деп белгiлейтiн актiге сәйкес келтiрудi көздейтiн, нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк органды (мемлекеттiк органдарды) жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етiп белгiлеу жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Президенттiң актiсi күшiне енген күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде енгiзiледi";
      23-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "көлемi екi парақтан асатын Үкiмет шешiмдерi жобаларының және олардың қосымшаларының әр бетiне жобаны енгiзетiн мемлекеттiк органның осы мәселеге жауапты орындаушысының қолы қойылуға тиiс".;
      24-тармақта:
      екiншi абзацтағы "он күннен" деген сөздер "он жұмыс күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) сараптамадан өткеннен кейiн жобалар Премьер-Министрдiң орынбасарларымен олардың құзыреттерiнiң шегiнде, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының арасында белгiленген мiндет бөлуге сәйкес келiсiлдi.
      Жобалар Үкiметке енгiзiлгеннен кейiн Премьер-Министр орынбасарларының мазмұндық сипаттағы ескертулерi пайда болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары қажет болған жағдайда кеңес шақырады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Премьер-Министрдiң жобаны қарайтын орынбасарлары, Премьер-Министрдiң Кеңсесi жобаны қарау барысында пайда болған ескертулер мен ұсыныстарды хаттамалық шешiммен ресiмделгенде ғана (кеңес өткiзiлген жағдайда) немесе жазбаша тапсырмамен ғана жобаларды пысықтауға қайтаруға құқылы";
      25-тармақта:
      "Үкiмет мүшелерi жалпы санының басым көпшiлiгiнiң визасы болған кезде", "оған қосымшаға жобаны ұсынған мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы виза қояды" деген сөздер алынып тасталсын;
      26-тармақта:
      "Үкiметтiң" деген сөздiң алдынан "Қол қойылған" деген сөздермен толықтырылсын; "қол қойылған түп нұсқаларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспары мен Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарына енгiзiлген заң жобаларын дайындаудың тәртiбi" деген VI бөлiмде:
      35-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Үкiметтiң қарауына ұсынылатын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалатын заң жобасы жөнiндегi материалдар мыналарды қамтуға тиiс:
      1) заң жобасы және Үкiметтiң жоба жөнiндегi қаулысы;
      2) жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi, қабылданатын заңдардың мақсаттарының, мiндеттерiнiң, негiзгi ережелерi мен болжалып отырған салдарлардың егжей-тегжейлi сипаттамасы бар түсiндiрме жазба;
      3) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;
      4) егер тәуелсiз немесе ғылыми сараптама жүргiзiлген болса, жоба бойынша сараптық қорытындылар;
      5) негiзгi жобаның қабылдануына байланысты өзгертiлуге немесе күшi жойылған деп танылуға тиiстi заң актiлерiнiң жобалары және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу туралы ұсыныстар мен олардың тiзбесi;
      6) егер заң жобасы шығыстарды талап ететiн болса қаржыландыру

көзi көрсетiлсе отырып, қаржылық-экономикалық есептер;
     7) қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген кезде
баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi
ұсынылады;
     8) белгiленген нысандағы анықтама парақ";
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн жариялаудың
тәртiбi" деген VII бөлiмде:
     38-тармақта:
     "Казахстанская правда" деген сөздерден кейiн "Заң",
"Юридическая газета" деген сөздермен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi