Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 30 қыркүйек N 979. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 741 қаулысымен. ~P010741

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жеке тұлғалар алып өтетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен оларға кедендiк бақылауды реттеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13), "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 P961712_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Осы Ереженiң 8-тармағында белгiленген шектеулерден асқан бөлiгiнде кеден төлемдерi мен салықтарын алу, экономикалық саясат шараларын қолдану, жүк жөнiндегi кеден декларациясын ұсынуды қоса алғанда, кедендiк ресiмдеу жалпы қабылданған тәртiппен заң актiлерiне және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi";
      17-тармақтың бiрiншi абзацындағы "баждары" деген сөз "төлемдерi мен салықтары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн жеке тұлғалардың бажсыз алып өту нормаларынан артық тауар алып өтуiне бақылау жасаудың және осындай алып өту кезiнде кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудiң тетiгiн белгiлейтiн нұсқаулықты әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
      3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi