Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 73 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 ақпандағы N 120

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1998 жылдың 6 қыркүйегiнен бастап "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 P961091_ қаулысының қолданылуы қайта басталсын.
      2. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 және 4-тармақтардың бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
      2, 3 және 5-тармақтар тиiсiнше 1, 2 және 3-тармақтар болып есептелсiн.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.10.10. N 1104
               қаулысымен. P021104_
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 73 P980073_ қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi