Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы<*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 3 ақпан N 73. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.19. N 120 қаулысымен. ~P980120

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 24 қарашадағы  N 1593 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 464-құжат):
     2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
     "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы  N 1533 қаулысына:
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     VII "реформаларды заңдармен қамтамасыз ету" тарауындағы реттiк
нөмiрi 111:
"Қазақстан        Заңның жобасы,         шiлде    Жастурспортминi,
Республикасының   Үкiметтiң қаулысы      1997 ж.  Әдiлетминi"
дене тәрбиесi
мен спорты туралы
     деген жолдар алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi