Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 73 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 ақпандағы N 120

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1998 жылдың 6 қыркүйегiнен бастап "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 P961091_ қаулысының қолданылуы қайта басталсын.
      2. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 және 4-тармақтардың бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
      2, 3 және 5-тармақтар тиiсiнше 1, 2 және 3-тармақтар болып есептелсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қатысуымен 15 қарашадан кешiктiрмей, "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамымен телекоммуникацияның негiзгi қызмет көрсетулерiне арналған тоқсан сайынғы тарифтердi белгiлейтiн алдағы жылға арналған тарифтiк келiсiм жасассын.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 73 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi