Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 1998 жылғы 15 мамыр N 5

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы, заңдарға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты қаулы етеді:
      1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлiкке тыйым салудан босату iстерi бойынша сот тәжiрибесi туралы" (1978 жылғы 21 қыркүйектегi N 18 және 1987 жылғы 2 қазандағы N 11 қаулыларымен өзгерiстер енгiзiлген) N 2 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      а) Қаулының 4-тармағы келесi редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Конституциясы және АК K941000_ 244-бабына (жалпы бөлiм) сәйкес, өз бетiмен тұрғызылған құрылыстарға құқықтық-меншiктiк құқыққа қатысты даулар соттардың ведомостылығына қарайды. Осыған байланысты өз бетiмен салынған құрылыстарды және қосымша құрылыстарды тыйым салудан босату жөнiндегi талаптары да соттардың қарауына жатады";
      ә) Қаулының 6-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
      Көрсетiлген iстер бойынша талап арызға мүлiктердi тыйым салудан босату актiсiнiң көшiрмесi (тiзiмге алу), өкімнiң көшiрмесi, шешiмдер, басқа да қаулылар оны орындау үшiн тыйым салынған, талапкердiң арызданған талаптарын дәлелдейтiн басқа да құжаттар (сыйға беру, сатып алу-сату, өсиет, чектiк есептер т.т.) қоса тiркеледi;
      б) Қаулының 10-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
      Тәркiлеуге жататын мүлiктердi тыйым салудан босату дауына қатысты жағдаЙларда, сот осы мүлiктiң алынғандығы және оның қай жерде екендiгiн анықтауы қажет, өйткенi көрсетiлген жағдайлар мүлiктi табиғи күйiнде қайтару мүмкiндiгiне әсер етедi.
      Соттардың мынаны ескеруi қажет, егерде арызбен талап ету негiздi деп танылған жағдайда тәркiленуге жататын мүлiк органдарында немесе ақысыз берiлсе, онда бұл мүлiк табиғи күйiнде қайтарылуға жатады. Бұл жағдайда осы iстерге қаржы орындарынан басқа көрсетiлген ұйымдар да тартылып, оларға мүлiктi қайтару мiндеттерi жүктеледi. Егерде даулы мүлiк өткiзiлiп, немесе қайта өңдеуге кетсе онда талапкерге мүлiктiң өткiзiлген құны өндiрiледi.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармағының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2001.12.13.
               N 21 қаулысымен. P01021s_

      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 P92006s_ қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      а) Қаулының аты жаңа редакцияда жазылсын:
      "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен

абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану 
туралы";
     ә) 7-тармақтың 1-бөлiгiндегi 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 9, 
143-баптарына деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     б) 7-тармақтағы АК 7-бабы 2-бөлiмiне деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына 
деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     в) 8-тармақтағы АК 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына деген 
сiлтемеге ауыстырылсын;
     г) 9-тармақтың 2-бөлiгiндегi АК 7-бабына деген сiлтеме АК 143-бабына 
деген сiлтемеге ауыстырылсын;
     д) 10-тармағындағы АК 84-бабына деген сiлтеме ҚР АК 187-бабына деген 
сiлтемеге ауыстырылсын;
     е) 12-тармақ келесi редакцияда жазылсын:


      "12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.
      Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi ҚР АК K941000_ 143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында анықталған.
      Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi.
      Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау)";
      ж) 13-тармақтың 3 бөлiгiндегi АК-тiң 84-бабына деген сілтеме ҚР АК 187-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, лауазым иелерi және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағымдарды соттардың қарауы туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 8 P94008s_ қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      а) 1-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 13, 76-баптарына сәйкес, әрбiр азамат өз құқығы мен бостандығын қажеттi қорғаныс пен сот қорғауын қоса, барлық заңға қайшы келмейтiн тәсiлмен қорғауға құқықты. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы Соттар және судьялардың мәртебесi туралы" U952694_ Жарлығының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, әрбiр азамат мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың, олардың құқықтарына нұқсан келтiретiн немесе заңды мүддесi мен бостандығын шектейтiн шешiм әрекеттерден. Республика Конституциясы және заңдары қарастырғандай кез-келген заңсыз әрекеттерден сот қорғау кепiлдемесi берiлетiндiгiне соттардың назары аударылсын";
      ә) 2-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "2. Сот қорғауына Конституцияда, заңдарда, басқа нормативтiк актiлерде және халықаралық келiсiмдерде қарастырылған барлық құқықтар мен бостандықтар жатады.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 78-бабына сәйкес, қолдануға жататын заң немесе басқа нормативтiк актiнiң Конституцияда бекiтiлген азаматтың және адамның құқығы мен бостандығына нұқсан келтiретiнiн көрсе, сот ол iс бойынша өндiрiстi тоқтатып, Конституциялық Кеңеске осы актiнiң Конституцияға сай еместiгiн тану туралы ұсыныс жасайды.
      Мәслихат және әкiмдердiң өкiмдерi мен шешімдерiнiң заңдылығы туралы

мәселелердi соттардың өздерiнiң шешуiне жатады (Конституцияның 88-бабы).
     АIЖК-нiң  

K990411_

  екiншi бөлiмiнiң екiншi тарауында қарастырылғандай, 
соттың, судьяның, прокурордың, тергеушiнiң, сот орындаушысының шешiмi мен 
iс-әрекеттеріне шағымдануға болмайды. Олар туралы азаматтық iс жүргiзу, 
қылмыстық іс жүргiзу, әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдарымен шағымдану тәртiбi
басқаша белгiленген".
     
     Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Сотының Төрағасы
     
     Пленум хатшысы,
     Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Сотының судьясы 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.