Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестіктердiң, лауазымды және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттеріне келтiрген шағымдарды соттардың қарауы туралы

Қаулы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1994 жылғы 23 желтоқсан N 8 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 68 бет).
Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.12.19. N 10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бұрынғы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның қызметiн және 5 адамнан тұратын жұмыс аппаратын Байланыс департаментiне берсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанынан

Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 7 қаңтардағы N 37 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
19 шiлдедегi N 804 "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң
мәселелерi" қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникациялар министрлiгiнiң қарамағына кiретiн кәсiпорындардың 
тiзбесiне тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары