Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552

Қолданыстағы

 


     "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн

одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 


U973655_


  Жарлығына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1-5.



     ЕСКЕРТУ. 1-5-тармақтары күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.12.15. N 1287

              қаулысымен. 


P981287_




     6.



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.25. N 142

              қаулысымен. 


P980142_



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2000.08.23. N 1295

              қаулысымен. 


P001295_



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411      

              қаулысымен. 


P010411_




 
       7. Пайдаланушыларға жедел және сенiмдi қызмет көрсету үшiн бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн жетiлдiру, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу мақсатында, шаруашылық жүргiзу құқығы бар. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларының жүзеге асырушы органы болып белгiленсiн.
      Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын және оның жарғысын бекiтсiн.
      8. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен, реттiк нөмiрлерi 413, 414 жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi
      "Қазпатент" патенттер және тауарлық белгiлер жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқында) Алматы қаласы;
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және

 

реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi

комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы (шаруашылық жүргiзу құқында),

Алматы қаласы".

     9. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда

министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1997 жылғы 23 мамырдағы N 875 


P970875_


  қаулысының 1-тармағының екiншi

абзацының және 3-тармағының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 21, 189-құжат).

     10.



     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.12.15. N 1287

              қаулысымен. 


P981287_




     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1997 жылғы 12 қарашадағы

                                             N 1552 қаулысымен

                                                бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және

                реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы


                                ЕРЕЖЕ



 
       Миссиясы: Қазақстанның тұрақты даму стратегиясын әзiрлеу, министрлiктер мен ведомстволардың оны және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды iс-жүзiне асыру жөнiндегi жұмыстарын үйлестiру.
 
                           I. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) стратегиялық жоспарлар және жекелеген бағдарламалар әзiрлеп, оларды жүзеге асыру кезiнде жалпыұлттық дамудың бiртұтас мемлекеттiк саясатын әзiрлейтiн, мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн ведомствоаралық және салааралық үйлестiрiп отыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық

 

бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының

есебiнен қаржыландырылады.

     4. Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының

Үкiметi белгiлейдi.

     5. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз

атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.


                          II. Басымдықтары


     6. Агенттiктiң басымдықтары мыналар болып табылады:

     стратегиялық жоспарлау;

     стратегиялық бақылау;

     әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асыру және

үйлестiру;

     стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк

басқару органдарының қызметiн үйлестiру;

     бюджет саясатын және елдiң дамуына сыртқы көмектi стратегиялық

жоспарлармен үйлестiру.


                 III. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi


     7. Агенттiктiң қызмет саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар

болып табылады:

     Қазақстан Республикасының ұлттық дамуының стратегиялық

жоспарларын әзiрлеу;


 
       елдiң қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын және болжамдарын әзiрлеу;
      әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асыру және үйлестiру;
      стратегиялық бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi көрсеткiштерi мен жiктемелерiн жоспарлау мен әзiрлеу, бюджет саясатының негiзгi бағыттары мен басымдықтарын жасау;
      дамуға ресми көмек тартуда мемлекеттiк саясат жүргiзу;
      мемлекеттiк баға, монополияға қарсы, аймақтық, сыртқы экономикалық, әлеуметтiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      статистика саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу және оған басшылық жасау, ғылыми әдiстер және халықаралық өлшемдер негiзiнде бiрыңғай статистикалық және ақпарат жүйесiнiң құрылуын, жұмыс iстеуiн және жетiлдiрiлуiн қамтамасыз ету;
      стандарттау саласында стратегиялық жоспарлар жасау, "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасауды үйлестiру және олардың енгiзiлуiн және қолданылуын бақылау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша айрықша маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 11 абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1998.02.25. N 142 қаулысымен. p980142_
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 10 абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1998.02.24. N 136 қаулысымен. P980136_
 
                      IV. Агенттiктiң функциялары
 
      8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасы экономикасының және әлемдiк экономиканың жай-күйiн талдап, болжайды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының стратегиялық жоспарларды және реформаларды жүзеге асыруын үйлестiредi және бақылайды;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және ағымдағы жоспарларды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарын үйлестiредi;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын талдайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып мемлекеттiк бюджет жобасының негiзгi көрсеткiштерiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң өзара iс-қимылдарының тетiктерiн әзiрлейдi және реттеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып мемлекеттiң сыртқы берешегiн талдап, оның лимитiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының дамуына ресми көмек шеңберiнде берiлген бағдарламалық және жобалық заемдарды тарту, пайдалану, мониторинг жасау және есепке алу саласында жоспарлау мен үйлестiрудi жүзеге асырады;
      стратегиялық инвестициялық басымдықтарды айқындайды;
      мемлекеттiк тұрғын үй саясатын iске асырудың тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып мемлекеттiк қызметтi реформалауды жүзеге асырады;
      сыртқы экономикалық стратегияны және мемлекетаралық экономикалық кiрiгу саясатын әзiрлейдi;
      аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық ахуалын талдайды және оларды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
      жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарына техникалық-экономикалық баға бередi және олардың экономикалық моделiн айқындайды;
      кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың тетiгiн әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық субъектiлерiнiң қызметтерiн статистикалық деректермен ақпараттық қамтамасыз етедi;
      "Қазақстан-2030" Стратегиясын iске асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасау тапсырмаларын қалыптастырады, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оларды енгiзуiн және қолдануын бақылайды;
      табиғи монополияшы кәсiпорындардың өнiмдерiнiң және орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың көрсететiн қызметтерiн, бағасы мен тарифтерiн бақылап, реттеп отырады;
 
            инфрақұрылымды дамытудың және өнеркәсiп өндiрiсiн диверсификациялаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi үйлестiредi;
      мемлекеттiк iшкi саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының саясатын жасауға және iске асыруға, шетелдермен экономикалық ынтымақтастық жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      өз қызметiнiң саласында заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдап, қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңдық және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына ұсынады;

 

     халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге

қатысады;

     Үкiметтiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық

шарттарына қол қояды;

     Қазақстан Республикасының әскери-стратегиялық дамуының негiзгi

бағыттарын әзiрлеудi үйлестiредi;

     жұмылдыру даярлығы саласында бiрыңғай саясат жүргiзiледi,

жұмылдыру жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi;

     өзiне Қазақстан Республикасының заңдары, Президентi мен Үкiметi

жүктеген өзге де функцияларды атқарады.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 20-шi абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң

              1998.02.25. N 142 қаулысымен.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 18 абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң

              1998.02.24. N 136 қаулысымен.


P980136_




                      V. Агенттiктiң құқықтары


     9. Агенттiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асырғанда және

мiндеттердi атқарғанда:


 
       Қазақстан Республикасының Үкiметiне елдi дамытудың мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      мемлекеттiк басқару органдарының елдiң даму стратегиясын және олардың қысқа мерзiмдi стратегиялық жұмыс жоспарларының орындауына бақылау жасауға;
      елдiң даму стратегиясын және стратегиялық жұмыс жоспарларын iске асыруға кедергi болатын, өздерi қабылданған актiлерiн жою немесе өзгерту туралы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға ұсыныстар енгiзуге;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бақылау жасауға, қадағалауға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тартуға;
      өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      Агенттiк белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық шарттар жасасуға, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
      мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының мамандарын, сондай-ақ

 

шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;

     өз құзыретiнiң шегiнде мемлекет меншiгiндегi мүлiктi иеленуге,

пайдалануға және билiк етуге;

     заңдарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге

асыруға;

     мемлекеттiк кәсiпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта

ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде Үкiметке ұсыныстар

енгiзуге;

     мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың

жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы

субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға;

     мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындауға;

     өз өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн ведомстволық

бағынысты ұйымдарға беруге құқығы бар.


           VI. Агенттiктiң және оның лауазымды адамдарының

                           жауапкершiлiгi



 
       10. Агенттiк заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылы және сапалы орындалуына жауап бередi.
      Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруы Агенттiктiң төрағасы - Министр жеке жауап бередi.
      Агенттiктiң жүйесiне кiретiн департаменттерге, комитеттерге, ұйымдарға және аумақтық органдарға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен функцияларының жүзеге асырылуына олардың басшылары жеке жауап бередi.
      11. Агенттiктiң орталық аппаратының, оның жүйесiне кiретiн комитеттердiң, ұйымдардың және аумақтық органдардың қызметкерлерi тәртiптiк ағаттықтары үшiн қолданылып жүрген, заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
 
                 VII. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
 
      12. Агенттiкке Төраға - Министр (бұдан әрi - Төраға) басшылық жасайды, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде - Атқарушы директор болып табылатын бiр орынбасары, сондай-ақ Парламентпен байланыс жасау жөнiндегi хатшысы болады, оларды Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, оның жүйесiне кiретiн комитеттердiң, ұйымдардың және аумақтық органдардың қызметiне бақылау жасайды.
 
      13. Агенттiктiң Төрағасы:
      Төрағаның орынбасарлары арасында мiндеттердi бөледi, Агенттiк департаменттерi директорларының және басқа да жауапты қызметкерлердiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
      департаменттер мен аумақтық органдардың құрылымын және олар туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      14. Агенттiкте Агенттiк Төрағасынан, Төрағаның орынбасарларынан, Парламентпен байланыс жөнiндегi хатшыдан және департаменттер мен комитеттердiң басшыларынан тұратын Директорлар кеңесi құрылады.
      Директорлар кеңесiнiң жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
      15. Агенттiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      Агенттiк қабылдайтын шешiмдер Төрағаның бұйрығымен ресiмделедi.
      16. Агенттiктiң Атқарушы директоры Агенттiктiң төрағасы болмаған кезде оны ауыстырады.
      17. Агенттiктiң жүйесiне департаменттер, комитеттер, аумақтық органдар, сондай-ақ оның қызметiн қамтамасыз ететiн ұйымдар кiредi.
      Комитеттер мен аумақтық органдар заңды тұлғалар болып табылады. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн комитеттердiң, аумақтық органдардың және ұйымдардың тiзбесiн Үкiмет айқындайды.
      18. Комитет төрағасын Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департаменттi Агенттiктiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Аумақтық органды тиiстi облыстың немесе Алматы қаласының әкiмiмен келiсе отырып Агенттiктiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
      19. Департамент Директоры (Комитет төрағасы, аумақтық органның бастығы) Департаменттiң (Комитеттiң, аумақтық органның) жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды.
      20. Комитеттердiң қызмет саласындағы негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары, комитет төрағаларының жауаптылығы, олардың өкiлеттiктерi комитеттер туралы ережелермен айқындалады.
      Комитеттер туралы ережелерi және олардың құрылымын Қазақстан

 

Республикасының Үкiметi бекiтедi.

     21. Комитеттердi ұстауға арналған шығыстар республикалық

бюджетте Агенттiктi ұстауға көзделген қаржы, сондай-ақ олардың

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алатын басқа да қаражаты

есебiнен қаржыландырылады.

     22. Комитеттiң аумақтық органының басшысын тиiстi облыстың

немесе Алматы қаласының әкiмiмен келiсе отырып Комитет төрағасы

қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.


                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1997 жылғы 12 қарашадағы

                                             N 1552 қаулысымен

                                                бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және

                  реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң


                              ҚҰРЫЛЫМЫ


     Басшылық

     Стратегиялық талдау департаментi

     Макроэкономикалық саясат және болжамдау департаментi

     Стратегиялық жоспарлау департаментi

     Сыртқы экономикалық стратегия департаментi

     Сыртқы көмектi үйлестiру департаментi

     Әлеуметтiк-экономикалық саладағы реформалар департаментi

     Ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментi

     Статистика және талдау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)

     Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет (заңды

     тұлға құқығында)





     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.24. N 136 қаулысымен.



P980136_




                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1997 жылғы 12 қарашадағы

                                             N 1552 қаулысымен

                                                бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және

            реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы

              аумақтық органдар мен ұйымдардың тiзбесi


     Облыстық экономика басқармалары және Алматы қалалық экономика

басқармасы


     Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және

реформалар жөнiндегi агенттiгi комитеттерiнiң аумақтық органдары және

комитеттерге ведомстволық бағынысты ұйымдар


     Экономикалық зерттеулер институты


     Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры


     Әкiмшiлiк-шаруашылық басқармасы


     Ақмола қаласына орналастыру және объектiлердi салу дирекциясы





     ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.25. N 142 қаулысымен.



P980142_