Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 875 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     аталған қаулының 1-қосымшасы:
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-жолмен толықтырылсын:
     "31. Қазақстан Республикасы       Аудиторлық қызмет"
          Қаржы министрлiгiнiң
          бухгалтерлiк есеп және
          аудит методологиясы
          департаментi

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi