Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 қарашадағы N 1487

Қолданыстағы
      "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 U973398_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) және "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 шiлдедегi N 760 қаулысына P960760_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 251-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi.
      Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады";
      "Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 P961511_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 491-құжат):
      Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiнде:
      20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнына ақыны мерзiмiн үш жылға кейiнге қалдыра отырып төлей алады".
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi