Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда, мәтінде "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi ұйымның", "уәкiлеттi ұйымға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөнiндегi құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын;
уәкiлеттi ұйымға оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi уәкiлеттi ұйымға заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 16 қыркүйектегi
N 1342 қаулысымен
бекiтiлген
Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда, бүкiл мәтiн бойынша "Зейнетақылық орталық", "Зейнетақы орталығынан", "Зейнетақы орталығына", "Зейнетақы орталығы", "Зейнетақы орталығының", "Зейнетақы орталығында" деген сөздер тиiсiнше "Орталық", "Орталықтан", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықта" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21 N 376 Қаулысымен.
Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "жеке басын куәландыратын құжаттың түрі", "ұсынып отырған құжатына", "жеке басын куәландыратын құжатты", "жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа", "жеке басын куәландыратын құжаттың" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе оралманның куәлігі", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігін", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігінің" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.30 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi);
әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
алушы - жеке адам, оның пайдасына зейнетақы жарналары жүргiзiледi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады және/немесе оған Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалады;
ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
2. Әлеуметтiк жеке код:
әрбiр азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражат пен оның санына есеп жүргiзу;
алушыларға есеп жүргiзу үшiн ақпараттық база құру;
мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының түсiмдерiн, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiндегi мiндеттi әлеуметтік аударымдарды есепке алу;
жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақы шоттарының есебiн алу;
әрбiр алушыға оның жеке зейнетақы шотына бақылау жасау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
зейнетақы және әлеуметтiк төлемдерiн есеп алу үшiн пайдаланылуы тиiс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
II. Әлеуметтiк жеке кодты берудiң тәртiбi
3. Орталық ӘЖК-нi берудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
4. ӘЖК беру үшiн азаматтар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн толтырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
5. Тiркеу кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) тiркеу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) жынысы;
4) туған күнi;
5) туған жерi;
6) тұратын мекен-жайы;
7) телефон нөмiрi;
8) жеке басын куәландыратын құжаттың түрi немесе оралманның куәлігі (16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлiгi, жеке басының куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) немесе оралманның куәлігі сериясы, нөмiрi, күнi, берілген жерi, кім бергенi;
9) жеке тұлғаның CTH-i;
10) өзiне тiркеу кәртiшкесi толтырылған адамның қолы;
11) кәртiшкенiң толтырылу дұрыстығын тексерген Орталық маманының қолы;
12) (алынып тасталды)
13) (алынып тасталды)
14) толтырылған күнi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21 N 376 , 2008.05.30 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
6. (алынып тасталды)
Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
7. Ұсынылған мәлiметтерге сәйкес Орталық алушыға ӘЖК бередi, алушыға есеп кәртiшкесiн ашады және Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктi ресiмдейдi (бұдан әрi - куәлiк).
8. Қажет болған жағдайда Орталық ӘЖК беру үшiн белгiленген нысанда қажеттi мәлiметтердi нақтылау туралы сұрау салуды ресiмдей алады.
9. Орталық куәлiктi алғандығына қолын қойған азаматтарға арнаулы бланкiлердегi куәлiктердi тегiн бередi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
10. (алынып тасталды)
Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
11. Егер куәлiкте әлдебiр мәлiметтер күмәндi болса, онда алушының жазбаша өтiнiшi бойынша Орталық тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
12. Орталық есеп кәртiшкесiне куәлiктiң берiлу фактiсiне белгi жасайды, өзгерiстер енгiзiлген жағдайда нақтыланған мәлiметтердi ескере отырып, куәлiктi қайта ресiмдейдi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
13. Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiкте мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) ӘЖК алу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
2-1) тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жеке басын куәландыратын, ұсынып отырған құжатына немесе оралманның куәлігіне сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) туған күнi;
4) куәлiктi берген құрылымдық бөлiмшенiң атауы;
5) тiркелген күнi;
6) куәлiктiң берiлген күні.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
14. Куәлiк алушыда сақталады.
15. Куәлiк жеке басын куәландыратын құжатты немесе оралманның куәлігін ұсынуы кезiнде ғана күшке ие.
16. Куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, алушы оны қайта қалпына келтiру туралы өтiнiшпен Орталыққа немесе оның аумақтық органдарына өтiнiш жасауға құқығы бар. Орталық (оның аумақтық органдары) алушының куәлiгiн жоғалтып алғаны туралы алушының өтiнiшi бойынша, өзiне ашылған есеп кәртiшкесiнiң негiзiнде оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Бұл мәселенi шешу үшiн, Орталық алушыдан оның жеке басын куәландыратын қосымша ақпаратты және оның есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi талап ете алады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
17. Куәлiк:
тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған;
пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа немесе оралманның куәлігіне сәйкес сол бұрынғы ӘЖК нөмiрiмен екiншi қайтара берiледi.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
17-1. Туған күнi өзгерген жағдайларда куәлiк жаңадан берiледi.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
18. Тiркеу кәртiшкесiнiң негiзiнде Орталық алушыға есеп кәртiшкесiн ашады.
19. Есеп кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) тiркеу кәртiшкесi бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) тегi, аты, әкесiнiң аты (олар өзгерген жағдайда);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оралманның куәлігінің сериясы және берiлген күнi;
5) туған күнi;
6) туған жерi;
7) жынысы;
8) тұрақты мекен-жайы;
9) азаматтығы;
10) Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан есептелген зейнетақы төлемдердiң сомасы;
11) алушының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәлiметтерi (жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, атауы және банктiк реквизиттерi, жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шарттың нөмiрi және датасы, зейнетақы шотының нөмiрi, жинақтаушы зейнетақы қорынан есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы);
12) зейнетақы iсiнiң нөмiрi (зейнеткер үшiн);
13) жеке шотының нөмiрi және алушының банкiнiң реквизиттерi (зейнеткерлер үшiн);
14) зейнетақы тағайындау, өзгерту, индекстеу және есептеу туралы мәлiметтер.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
20. Есепке алу кәртiшкесi Орталықта үш жыл бойы сақталады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.
21. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтер заңдарда белгiленген жағдайлардан басқа ретте жария етуге жатпайды.
22. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi жария етуге жол берген адамдар заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.