Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөнiндегi құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
      заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын;
      зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа оларға

әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң
берiлуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Зейнетақы төлеу
жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және
өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн
азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру
кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 16 қыркүйектегi
                                           N 1342 қаулысымен
                                              бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу
             жөнiндегi мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке
                          код берудiң тәртiбi

     I. Жалпы ережелер

     1. Осы Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:



      Зейнетақылық орталық - "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) - тұрақты жеке код, ол жеке зейнетақы шоттарын және азаматтарды бiрдейлендiру жөнiндегi басқа да әлеуметтiк рәсiмдердi жүргiзу және бақылау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр азаматқа берiледi;
      алушы - жеке адам, оның пайдасына зейнетақы жарналары жүргiзiледi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады және/немесе оған Зейнетақы орталығынан зейнетақы төлемдерi тағайындалады;

     төлемшi - заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен
айналысушы, заңда белгiленген тәртiппен Зейнетақы орталығына мiндеттi
зейнетақы жарналарын жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға.

     2. Әлеуметтiк жеке код:
     әрбiр азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражат пен оның
санына есеп жүргiзу;
     алушыларға есеп жүргiзу үшiн ақпараттық база құру;
     төлемшiлерден мiндеттi зейнетақы жарналарының түсуiн есепке алу;
     жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақы шоттарының есебiн
алу;
     әрбiр алушыға оның жеке зейнетақы шотына бақылау жасау
мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
     зейнетақы төлемдерiн есеп алу үшiн пайдаланылуы тиiс.

     II. Әлеуметтiк жеке кодты берудiң тәртiбi

     3. ӘЖК берудi жүзеге асыратын орган жергiлiктi жерлердегi
аймақтық бөлiмшелермен бiрге Зейнетақы орталығы болып табылады.

     4. ӘЖК беру үшiн:
     төлемшiлер Зейнетақы орталығына белгiленген нысандағы тiркеу
кәртiшкелерiн және барлық қызметкерлерге арналған екi данадағы iлеспе
тiзiмдеменi бередi;
     халықты әлеуметтiк қорғау органы Зейнетақы орталығына
белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерi мен барлық зейнеткерлерге
арналған iлеспе тiзiмдеменi бередi.

     5. Тiркеу кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
     1) ӘЖК;
     2) тiркеу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
     3) жынысы;
     4) туған күнi;
     5) туған жерi;
     6) тұратын мекен-жайы (iс жүзiндегi);
     7) телефон нөмiрi;
     8) құжаттың түрi (тууы туралы куәлiгi, ескi төлқұжаты,
халықаралық үлгiдегi төлқұжаты, жеке басының куәлiгi, әскери билетi),
сериясы, нөмiрi, күнi және берiлген жерi;
     9) СТН және салық ұйымының атауы;
     10) өзiне тiркеу кәртiшкесi толтырылған адамның қолы;
     11) жауапты атқарушының қолы;
     12) ұйым директорының қолы;
     13) ұйымның мөрi.



      6. Мәлiметтер электронды да, сондай-ақ жазбаша нысанда да

Зейнетақы орталығы белгiлеген мерзiмдерде ұсынылады.

     7. Ұсынылған мәлiметтерге сәйкес Зейнетақы орталығы алушыға ӘЖК
бередi, алушыға есеп кәртiшкесiн ашады және Әлеуметтiк жеке код беру
туралы куәлiктi ресiмдейдi (бұдан әрi - куәлiк).

     8. Қажет болған жағдайда Зейнетақы орталығы ӘЖК беру үшiн
белгiленген нысанда қажеттi мәлiметтердi нақтылау туралы сұрау салуды
ресiмдей алады.

     9. Зейнетақы орталығы төлеушiлерге немесе әлеуметтiк қорғау
органына арнайы бланкiлерде куәлiктер бередi. Куәлiктер (дубликаттар)
тегiн берiледi.

     10. Төлемшi немесе халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi және
iстеушiлерге немесе зейнеткерлерге куәлiктi бередi, олар куәлiктi
алғаны туралы қол қояды.

     11. Егер куәлiкте әлдебiр мәлiметтер күмәндi болса, онда
алушының өтiнiшi бойынша Зейнетақы орталығы тиiстi өзгерiстер
енгiзедi.

     12. Зейнетақы орталығы есеп кәртiшкесiне куәлiктiң берiлу
фактiсiне белгi жасайды, өзгерiстер енгiзiлген жағдайда нақтыланған
мәлiметтердi ескере отырып, куәлiктi қайта ресiмдейдi және оларды
төлемшiге немесе алушыларға беру үшiн халықты әлеуметтiк қорғау
органының жауапты қызметкерлерiне бередi.

     13. Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiкте мынадай мәлiметтер
болады:
     1) ӘЖК;
     2) ӘЖК алу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
     3) туған күнi;
     4) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмiрi, берiлген
күнi.

     14. Куәлiк алушыда сақталады.

     15. Куәлiк жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы кезiнде ғана
күшке ие.



      16. Куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, алушы өз бетiнше немесе жұмыс берушi арқылы оны қайта қалпына келтiру туралы өтiнiшпен Зейнетақы орталығына немесе оның аумақтық органдарына өтiнiш жасауға құқығы бар. Зейнетақы орталығы (оның аумақтық органдары) алушының куәлiгiн жоғалтып алғаны туралы алушының өтiнiшi бойынша, өзiне

ашылған есеп кәртiшкесiнiң негiзiнде оған аталған куәлiктiң
дубликатын бередi. Бұл мәселенi шешу үшiн, Зейнетақы орталығы
алушыдан оның жеке басын куәландыратын қосымша ақпаратты және оның
есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi талап ете алады.

     17. Куәлiк:
     тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi өзгерген;
     ондағы мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi
анықталған;
     пайдалануға жарамсыз болған жағдайда айырбастауға жатады.
     Зейнетақы орталығы алушыға ӘЖК-дегi дәл сол нөмiрмен жаңа куәлiк
(бұрын бергеннiң орнына) бередi.

     18. Тiркеу кәртiшкесiнiң негiзiнде Зейнетақы орталығы алушыға
есеп кәртiшкесiн ашады.

     19. Есеп кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
     1) ӘЖК;
     2) тiркеу кәртiшкесi бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты;
     3) тегi, аты, әкесiнiң аты;
     4) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және берiлген күнi;
     5) туған күнi;
     6) туған жерi;
     7) жынысы;
     8) тұрақты мекен-жайы (iс жүзiндегi);
     9) азаматтығы;
     10) зейнетақы орталығының және жинақтаушы зейнетақы қорларынан
есептелген зейнетақы төлемдердiң сомасы;
     11) алушының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәлiметтерi
(жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, атауы және банктiк
реквизиттерi, жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шарттың нөмiрi
және датасы, зейнетақы шотының нөмiрi, жинақтаушы зейнетақы қорынан
есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы);
     12) зейнетақы iсiнiң нөмiрi (зейнеткер үшiн);
     13) жеке шотының нөмiрi және алушының банкiнiң реквизиттерi
(зейнеткерлер үшiн);
     14) зейнетақы тағайындау, өзгерту, индекстеу және есептеу
туралы мәлiметтер.

     20. Есеп кәртiшкесi Зейнетақы орталығында зейнетақы iстерiн
сақтау тәртiбiнде көзделген мерзiм бойы сақталады.

     21. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтер заңдарда белгiленген
жағдайлардан басқа ретте жария етуге жатпайды.

     22. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi жария етуге жол берген
адамдар заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.