Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1243 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат):
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 177-құжат):
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi