Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1243

Қолданыстағы
      Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 P941171_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат):
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын"

деген сөздер алынып тасталсын;
     "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және
тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке
келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13
мамырдағы N 587  

P960587_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1996 ж., N 20, 177-құжат):
     1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер
алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi