Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы <*> ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен. ~P981351

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031

Қолданыстағы
      Этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) өндiрiсi және импорты саласында мемлекеттiк бақылауды күшейту, бюджетке салықтың толық түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерi мен тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібі бекiтiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151
                қаулысымен. P001151_
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Кеден комитетi осы тауарларды импорттауға лицензиясы болған жағдайда, оның iшiнде этил спиртiн және арақты Кеден одағына кiретiн мемлекеттердiң аумағынан әкелетiн жағдайларда да, әкелiнетiн этил спиртi мен алкогольді өнімдерге (сырадан басқа) акциз маркiлерiне өтiнiмдердi қабылдауды және берудi жүзеге асырсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151
                қаулысымен. P001151_
      3. Импортталатын этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) үлесi оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында өндірудің жылдық көлемiнiң 20 процентiнен аспауы тиiс деп белгiленсiн. Бұл шарт осы қаулы күшiне енгенге дейiн жасалған және толық төленген келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша импортталатын этил спиртi мен арақтың көлемiне қолданылмайды. <*>
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi, этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импортына лицензия берген кезде аталған арақатынастың сақталуын

қамтамасыз етсiн. 
<*>

     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39 қаулысымен.
               

P980039_

  
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен.
               

P981351_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің         
              2000.07.27. N 1151 қаулысымен.  

P001151_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773          
              қаулысымен.  

P001773_

 
     4. 1997 жылға арналған этил спиртi мен алкогольді өнімдер (сырадан 
басқа) импортының конкурстың көлемi олардың осы қаулы күшiне енгенге дейiн 
жасалған және төленген келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша көлемдерi 
ескерусiз айқындалады. 
<*>

     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне
енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 27 маусымдағы
                                          N 1031 қаулысымен
                                              бекiтiлген

                   Қазақстан Республикасында этил спиртi
             мен алкогольді өнімдер (сырадан басқа) импортын 
                      лицензиялаудың тәртiбi
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Мәтіні мен тақырыбындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нің 
              1998.12.29. N 1351 қаулысымен.  

P981351_

 
     ЕСКЕРТУ. Ереже өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1151    
              қаулысымен.  

P001151_

 



      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімнің (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды. <*>
      2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген орнына қарамастан, шетелдiк тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi - өтiнiм берушi) қолданылады. <*>
      3. Лицензиялар белгiленген нысандағы бланкiлерде ресiмделедi (1-қосымша).
      Лицензия бланкiлерi ұсынушы үшiн бағалы қағаз деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен нөмiрi бар, қатаң есептемелiк құжат болып табылады. Лицензия бланкiлерiн сатып алуды, есебiн жүргiзудi және сақтауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлiгiнің Акцизделетін өнімді өндіру мен олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен.
               P981351_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773
               қаулысымен. P001773_
      4. Этил спиртi мен алкогольді өнімді (сырадан басқа) импорттауға лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға мыналарды тапсырады:
      а) лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш (2-қосымша);
      б) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
      в) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
      заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; <*>
      г) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
      д) этил спиртiн импорттау кезiнде алкогольдi өнiм өндiрiсiне немесе этил спиртін сақтауға және сатуға берiлген лицензиясы; <*>
      е) <*>
      ж) алкоголді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы. <*>
      "в", "д", "ж"-тармақшаларында аталған құжаттардың бiрiншi басшының қолымен, өтiнiм иесiнiң мөрiмен куәландырылған көшiрмесi. <*>
      Өтiнiм берушiге тапсырылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен.
               P981351_
      5. Өтiнiм берушiнiң тапсырған құжаттары Лицензиардың деректер банкiнде тiркелуге жатады.
      Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей қабылданады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.29. N 1351 қаулысымен.
               P981351_
      6. Лицензия шартқа кiргiзiлген тауарлар атауының санына қарамастан, ең кемi алты белгiсi бар коды көрсетiлiп, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне ресiмделедi. <*>
      Лицензия берiлген күннен бастап, ол берілген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге, бiр мәмiле бойынша импортты жүзеге асыру үшiн лицензия берiледi. <*>
      7. Лицензия беруден бас тарту, күшiн тоқтату, лицензияны қайтып алу және кiдiрту "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заңына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      Лицензияны қайтып алу және оның қолданылуын кiдiрту туралы шешiм қабылданған күннен бастап 3 күн мерзiмде жазбаша түрде лицензиатқа және кеден органына жеткiзiледi.
      8. Лицензиар этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) оларды Қазақстан Республикасында өндірудің жылдық көлемiнiң 20 проценті деңгейіндегі импортына лицензиялар беруді жүзеге асырады. <*>
      9. Лицензия иелiгiнен алынбайтын, яғни лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады.
      Лицензия онда көрсетiлген мерзiмде тауардың бiр түрiн импорттауға берiлген рұқсат болып табылады.
      Лицензиат этил спиртi мен алкогольді өнімнің (сырадан басқа) импортын кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болып табылатын лицензиялық түпнұсқаны Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырады.
      10. Лицензияның күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, өзiнде оның

түпнұсқасы бар кеден органы, оның орындалуы туралы тиiстi белгi
қойып, мөрмен және бiрiншi басшының қолымен куәландырылған лицензияның 
көшiрмесiн 10 күн мерзiмде Лицензиарға жiбередi.
     11. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi айқындайды.
     12. Лицензиардың этил спиртi мен алкогольді өнім (сырадан басқа) 
импортын лицензиялауға байланысты шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сот 
тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

                                              1-қосымша
     
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773         
               қаулысымен.  

P001773_

 
                       Импортқа арналған лицензия
 ___________________________________________________________________
|1. Лицензия N                                                      |
|___________________________________________________________________|
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны  |________________|
|___________________________________________________________________|
|3. Тапсырумен (ұйым |__________|7. Сатушы, оның мекен-жайы         |
|кәсiпорын, оның                |                                   |
|мекен-жайы, телефоны)          |                                   |
|_______________________________|___________________________________|
|4. Тұтынушы                    |8. Сатушының елi    _______________|
|_______________________________|___________________|_______________|
|5. Баратын елi                 |9. Мерзiмi  |Өтiнiш   |лицензия    |
|                  _____________|            |бойынша  |бойынша     |
|_________________|_____________|____________|_________|____________|
|6. Кеден                       |10. Мәмiленiң сипаты               |
|                               |11. Төлем валютасы                 |
|_______________________________|___________________________________|
|12. Тауардың   |13. СЭҚ ТН     |14. Өлшем   |15. Саны |16. Тауардың|
|атауы мен толық|бойынша тауар. |бiрлiгi     |         |жалпы құны  |
|сипаты         |дың коды       |            |         |    (мың)   |
|               |               |            |         |төлем  |тең.|
|               |               |            |         |валю.  |ге. |
|               |               |            |         |тасымен|мен |
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|17. Лицензия сұрау үшiн негiз  |19. Келiсiлдi                      |
|_______________________________|___________________________________|
|18. Өтiнiм берушi ұйымнан      |20. Қазақстан Республикасы Мемлекет|
|_______________________________|тік кіріс министрлігінің Акцизделет|
|                               |ін өнімдердің өндірісі мен айналы. |
|                               |сын мемлекеттік бақылау жөніндегі  |
|                               |комитеті, аты-жөнi
<*>
              |
|                               |лауазымы                           |
|                               |қолы, М.О.        күнi             |
|_______________________________|___________________________________|
|21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы       |
|___________________________________________________________________|
|22. Лицензияның айрықша шарты                                      |
|___________________________________________________________________|

                                              2-қосымша
     
     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.11.28. N 1773         
               қаулысымен.  

P001773_

 
     
                Импортқа лицензия алуға арналған өтiнiш
___________________________________________________________________
|1. Лицензия N                                                      |
|___________________________________________________________________|
|2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны  |________________|
|___________________________________________________________________|
|3. Тапсырумен (ұйым, |_________|7. Сатушы, оның мекен-жайы         |
|кәсiпорын, оның                |                                   |
|мекен-жайы, телефоны)          |                                   |
|_______________________________|___________________________________|
|4. Тұтынушы                    |8. Сатушының елi    _______________|
|_______________________________|___________________|_______________|
|5. Баратын елi                 |9. Мерзiмi  |Өтiнiш   |лицензия    |
|                  _____________|            |бойынша  |бойынша     |
|_________________|_____________|____________|_________|____________|
|6. Кеден                       |10. Мәмiленiң сипаты  |____________|
|                               |11. Төлем валютасы    |____________|
|_______________________________|______________________|____________|
|12. Тауардың   |13. СЭҚ ТН     |14. Өлшем   |15. Саны |16. Тауардың|
|атауы мен толық|бойынша тауар. |бiрлiгi     |         |жалпы құны  |
|сипаты         |дың коды       |            |         |    (мың)   |
|               |               |            |         |төлем  |тең.|
|               |               |            |         |валю.  |ге. |
|               |               |            |         |тасымен|мен |
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|_______________|_______________|____________|_________|____________|
|17. Лицензия сұрау үшiн негiз  |19. Келiсiлдi                      |
|_______________________________|___________________________________|
|18. Өтiнiм берушi ұйымнан      |20. Қазақстан Республикасы Мемлекет|
|                               |тік кіріс министрлігінің Акцизделе.|
|                               |тін өнімдердің өндірісі мен айналы.|
|                               |сын мемлекеттік бақылау жөніндегі  |
|                               |комитеті, аты-жөнi
<*>
              |     
|                               |лауазымы                           |
|                               |қолы, М.О.        күнi             |
|_______________________________|___________________________________|
|21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы       |
|___________________________________________________________________|
|22. Лицензияның айрықша шарты                                      |
|___________________________________________________________________|